Ұзынкөл аудандық мәслихатының «Ұзынкөл ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» жобасына Баспасөз - релизі

Ұзынкөл аудандық мәслихатының «Ұзынкөл ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» жобасына

Баспасөз - релизі

 

      Ұзынкөл аудандық мәслихатының «Ұзынкөл ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешім жобасы 2024 жылғы 5 желтоқсанда ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет порталында және Ұзынкөл ауданы әкімдігінің ресми сайтында орналастырылған.

Шешім жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік

басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы

6-бабының, 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әзірленді.

     НҚА жобасын әзірлеудің мақсаты Ұзынкөл ауданындағы жатақханаларды, Қонақ үйлерді, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемесін болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекіту болып табылады.    

Жобаны қабылдау теріс, әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқпайды, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді.

Дата публикации
21 февраля 2025