Ұзынкөл аудандық мәслихатының «Мәслихаттың 2024 жылғы 17 сәуірдегі № 86 «Ұзынкөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасына

БАСПАСӨЗ -РЕЛИЗІ

 

 

Ұзынкөл аудандық мәслихатының «Мәслихаттың 2024 жылғы 17 сәуірдегі № 86 «Ұзынкөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы»  шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасына

 

 

«Ұзынкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Ұзынкөл аудандық мәслихатының «Мәслихаттың 2024 жылғы 17 сәуірдегі № 86 «Ұзынкөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасы (бұдан әрі - шешім жобасы) әзірленді.

Осы шешім жобасын әзірлеудің мақсаты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру болып табылады.

Шешім жобасы «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 9 қыркүйектегі № 319 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй көмегін беру қағидаларына 2-қосымшасына сәйкес әзірленді, онда «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өзгерді.

Шешім жобасында көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы  6-тармағын жаңа редакцияда жазу қажет:

«6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Қағидаларға сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүгінеді.

«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.».

Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Шешім жобасы 2024 жылғы 19 желтоқсанда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Ұзынкөл ауданы әкімдігінің сайтында  орналастырылған.

Дата публикации
18 февраля 2025