Ұзынкөл ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарландыру

Ұзынкөл  аудандық мәслихаты хабарлайды:

    «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің (бұдан әрі – Үлгілік ереже) негізінде, Ұзынкөл  ауданының Қоғамдық кеңестерді қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының 2025 жылғы 6 қаңтардағы № 1 отырысының хаттамасына сәйкес Ұзынкөл  ауданының Қоғамдық кеңесінің (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс жарияланады.

Қоғамдық кеңестің сандық құрамы: 11 (он бір) адам.

Мемлекеттік орган өкілдігі:  3 (үш) адам

Коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың өкілдігі: 8 адам (коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады).

Құжаттарды тапсыру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде (2025 жылғы 24 қаңтардан бастап 2025 жылғы 6 ақпанды қоса алғанда сағат 18.00-ға дейін).

Пошталық мекенжай: «Ұзынкөл аудандық  мәслихатының аппараты» ММ, Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл  ауылы, Ғ.Мұсрепов көшесі, 14 -үй, № 210 каб., жұмыс телефондары: 8(71444) 21073, пошталық  индексі 111800.

Электрондық пошта мекенжайы: maslixat.uzunkol@mail.ru

Жұмыс тәртібі: «Ұзынкөл аудандық  мәслихатының аппараты» ММ сағат 09.00-ден 18.00-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ға дейін, демалыс сенбі, жексенбі.

    «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Републикасы  Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабына  сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын мынадай талаптар  белгіленген:

    Он сегіз жасқа толған, сондай-ақ жергілікті деңгейде Қоғамдық кеңес құрылған жағдайда – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы Қоғамдық кеңес  мүшелігіне  кандидат бола алады.

   Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:

   1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы;

    2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныған болмауы;

    3)психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда психикалық, мінез-құлық бұзылыстарына (ауруларына), оның ішінде психоактивті заттарды қолдануға байланысты есепте тұрмауы.

    2.Конкурсқа  қатысу  үшін:

    1) коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың Қоғамдық кеңестің құрамына кандидатура ұсыну туралы өтініші;

     2) кандидаттың   өмірбаяндық   деректерді    көрсете   отырып, кәсіптік  және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

      3) соттылығының  болуы не  болмауы  туралы  анықтама;

      4) психикалық, мінез-құлық бұзылыстарының (ауруларының), оның  ішінде психоактивті заттарды  пайдаланумен   байланысты    бұзылулардың   болуы не болмауы туралы анықтама;

      5) кандидаттың       дербес     деректерін   жинауға, өңдеуге, таратуға     және жариялауға келісім береді.

     Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат Заңның 10-бабы 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды дербес немесе қатысуымен ақпараттық жүйелерден Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік орган көрсетілген анықтамаларды талап етуге жазбаша келісім арқылы ұсынады.

     Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлау үшін конкурсқа жіберілмейді. Кандидаттар келесі жағдайлардың бірі болған кезде сайлау үшін конкурсқа жіберілмейді:

      1)Заңның 10-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмегенде;

      2)Заңның 10-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылмағанда;

      3) дәйексіз ақпаратты қамтитын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынған кезде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
23 января 2025