Байқаушылар тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу өткізу туралы хабарландыру
Ұзынкөл аудандық мәслихаты хабарлайды:
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің (бұдан әрі – Үлгілік ереже) 10-тармағына сәйкес:
1.Қазақстан Республикасының азаматтары, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар жұмыс тобының отырыстарына қатысуға жіберіледі.
2.Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам осы Үлгілік ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысуға өтінішті «Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты» ММ береді не электрондық поштасына жібереді.
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу
жөніндегі конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін өтініш күн сайын, сенбі және
жексенбі күндерінен басқа 2024 жылғы 23 желтоқсанда сағат 09.00-ден 2024
жылғы 27 желтоқсан сағат 18.00-ге дейін мына мекенжай бойынша қабылданады:
«Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты» ММ, Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл
ауылы, Мұсрепов көшесі, 14 -үй, № 210 каб., жұмыс телефондары: 8(71444) 21073.
Электрондық поштаның мекенжайы: maslixat.uzunkol@mail.ru
Нысан
тініш
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) ________________________________________________________
2) ________________________________________________________
3) ________________________________________________________
4) ________________________________________________________
5) ________________________________________________________
6) ________________________________________________________
7) ________________________________________________________
20___ жылғы «____» Өтініш берушінің қолы ___________