2023 жылға арналған (4- деңгей) Ұзынкөл ауданының ауылдарының , ауылдық округтерінің бюджеттерінің орындалуы туралы

    Сатай ауылы мен Ұзынкөл ауылдық округі  әкімдерінің  2023 жылға арналған  (4-деңгей) Ұзынкөл ауданының ауылдарының, ауылдық  округтерінің   бюджеттерінің  орындалуы  туралы  есептерін  қарастырып, аудандық мәслихат атап өтті, төртінші деңгейлі бюджетке көшкен ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдерімен 2023 жылы ауылдармен ауылдық  округтерінің   бюджеттерінің орындалуы бойынша белгілі жұмыстар жүргізілді.

    2023 жылға арналған ауылдар мен ауылдық округтердің бюджеттері аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №211 шешімімен бекітілді. Өткізілген нақтылау мен түзетулердің  нәтижесінде  бюджеттің кіріс бөлігі   1 640 871,7  мың тенге немесе 102,9 %  құрады,  оның ішінде салықтық түсімдер  147 449,1 мың. тенге немесе 121,7%,  салықтық емес түсімдер  3 118,4

мың. тенге немесе 273,8%,  аудандық бюджеттен келіп түскен трансферттер 1 463 937,2  мың.тенге және аудандық бюджеттен сувенция 312 608,0 мың. тенге немесе 100 %.  2023 жылдың қорытындысы бойынша ауылдармен, ауылдық округтерінің  бюджеттерінің шығыс бөлігінің орындалуы 1 594 207,5  мың теңге немесе 100 %  орындалды.  Есепті кезеңде  бюджеттердің  қаражатының қалдығы 46 664, 7  мың теңгені құрады.

     Қазақстан Республикасының  Бюджет кодекісінің 132-бабы 3-тармағына және   «Қазақстан   Республикасындағы    жергілікті    мемлекеттік      басқару және     өзін-өзі      басқару   туралы»       Қазақстан      Республикасы    Заңының 6-бабы    1-тармағы    1) тармақшасына    сәйкес    Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2022 жылға   арналған  (4- деңгей)  Ұзынкөл   ауданының  ауылдарының,

ауылдық округтерінің бюджеттерінің орындалуы туралы есептері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

  1. 2. Ұзынкөл ауданының ауылдарымен мен ауылдық округтерінің  әкімдеріне  ұсынылсын:

    1) бюджет қаражатын тиімді әрі нәтижелі пайдалануға бақылауды  күшейту;

    2) бюджет процесін жетілдіру және оның сапасын арттыру мақсатында кіріс көздерінің қолда бар әлеуетін ескере отырып, сондай-ақ тәуекелдерді талдау және бағалау қағидаттарын сақтай отырып, бюджет жүйесінің жоспарлау процесін қайта қарау қажет;

     3) ауылдық округ бюджетінің меншікті кірістерін арттырудың қосымша көздерін, оның ішінде ауылдық округті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру есебінен табуға;

     4) бюджет қаражатын шығыстарға жоспарлау кезінде мекеменің ағымдағы қаржы жылындағы нақты шығындарын есепке алу;

     5) дебиторлық және кредиторлық берешектердің қалыптасуына жол бермеу;

     6)салықтық және салықтық емес түсімдерді жоспарлау кезінде өткен жылдардың нақты түсімдерін есепке алу;

     7) бюджет қаражатын жоспарлау мен атқару кезінде Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасының талаптарын сақтау;

     8) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзуды болдырмау мақсатында тұрақты негізде техникалық оқытуды жүзеге асыру.

  1. Троебрат ауылының мен Ершов ауылдық округі әкімдеріне ұсынылады:

    1) барлық кіріс көздерінің орындалуын қамтамасыз ету;

    2) бюджетке түсетін түсімдерді уәкілетті органдардың ақпаратын ескере отырып жүзеге асыруды  жоспарлау;

    3)мүлік және жер салықтарының уақтылы түсуін қамтамасыз ету мақсатында салық төлеушілер жөніндегі уәкілетті органдармен салыстыру жүргізу;

    4) экономикалық дамудың ішкі және сыртқы факторларын ескере отырып, өткен кезеңмен салыстырғанда оң серпінін ескере отырып әзірленетін алдағы жылға арналған кірістердің нысаналы индикаторлары;

    5) бюджет қаражатының тиімді және нәтижелі  пайдаланылуына бақылауды күшейту.

     4.Ұзынкөл ауданы мәслихатының интернет-ресурсында 2023 жылға арналған (4-деңгей) Ұзынкөл ауданының   ауылдарының, ауылдық округтерінің бюджеттерінің орындалуы туралы есептері жариялансын.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

     Аудандық  мәслихаттың  төрағасы                                         Н. Булатов 

Дата публикации
14 мая 2024