Ұзынкөл ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ұзынкөл ауданының 2023 жылға арналған аудандық бюджетінің орындалуы туралы есебін қарастырып, аудандық мәслихат атап өтті, бюджеттің кіріс бөлігі 102,0 % шығыс бөлігі 98,8 % орындалған. Есепті кезеңде аудандық бюджеттің нақты түсімдер 7 045 967,7 мың теңгені құрады, 2022 жылмен салыстырғанда 1 400 446,6 мың теңгеге ұлғайды. Есепті кезеңде аудандық бюджетке жеке табыс көлемі 1487 929,6 мың теңгені немесе 26,05% құрады. Өз кірістерінің түсімінде ең үлкен үлесті салық түсімдері 91,73% құрайды, 2022 жылмен салыстырғанда түсімдер 123 057,9 мың теңгеге ұлғайды. Есепті кезеңде салық төлемдері үлесінің алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 9,9% - ға ұлғаюы байқалады. Есепті кезеңде бюджет қаражатының қалдығы 226 116,4 мың теңгені құрады.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодекісінің 132-бабы 3-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Ұзынкөл ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы С.Д. Жусуповтың
«Ұзынкөл ауданының 2022 жылға арналған аудандық бюджетінің орындалуы туралы» есебі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2.Ұзынкөл ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушына ұсынылады:
1) бюджеттің орындалу кезінде анықталған кемшіліктерді жою үшін бюджет әкімшілерінің жауапкершілік дәрежесін қарастыру, анықталған бұзушылықтар мен бюджетті атқару барысында іс-шаралар нәтижелері бойынша нұсқаулықтарды бақылауға алу.
2
3.«Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі», «Қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемелерінің басшыларына ұсынылсын:
1) бюджетті қалыптастыру кезінде экономиканың даму серпінін ескере отырып, бюджетке түсетін кірістердің нақты мүмкіндіктеріне сүйену;
2) бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдалануды бюджет жүйесінің қағидаттарына, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ережелеріне сәйкес жүзеге асыру;
3) бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдалануды бюджет жүйесінің қағидаттарына, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ережелеріне сәйкес жүзеге асыру;
4) ережелерге сәйкес бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және бекіту;
5) бюджеттің атқарылуына сапалық бағалау жүргізу.
1) негізсіз артық төлемді болдырмауға;
2) салық салу базасын кеңейту, берешекті азайту бойынша қосымша шаралар қабылдасын.
5.Мемлекеттік мекеме басшыларына (бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне):
1) дебиторлық берешекті, оның ішінде өткен жылдардағы берешекті өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдау;
2) кредиторлық берешектің қалыптасуына жол бермеу. Бюджет қаражатының пайдаланылуына мониторингті күшейту, соның негізінде кредиторлық берешекті болдырмау мақсатында жоспарланған тағайындауларды уақтылы нақтылау;
3) мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша шарттардың уақтылы орындалуына және орындалатын жұмыс көлеміне бақылауды күшейту;
6.Ұзынкөл аудандық мәслихатының интернет-ресурсында 2023 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы есептері жариялансын.
Аудандық мәслихаттың төрағасы Н. Булатов