Ұзынкөл аудандық мәслихатының «Мәслихаттың 2023 жылғы 6 желтоқсандағы №51 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы.
Шешім жобасын әзірлеуші – орган «Ұзынкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Шешімнің жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына 6- бабына, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №523 қаулысына сәйкес әзірленді.
Жоба ашық нормативтік -құқықтық актілердің интернет порталында орналастырылған https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14899608