2023 жылдығына «Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу бойынша аналитикалық анықтама

2023 жылдығына

 «Ұзынкөл аудандық  мәслихатының  аппараты» ММ

 сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау  жүргізу бойынша  аналитикалық анықтама

Ұзынкөл а.                                                                    2023   жылғы   29  желтоқсан

     Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 - бабы 5 - тармағына  және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау жүргізудің үлгілік қағидасының                  4 - тармағына сәйкес, 2023 жылғы 1 желтоқсанындағы  №54 «ө» аудандық мәслихат хатшысының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу туралы» өкімі негізінде 2023 жылдың 1 мен 29 желтоқсаны  аралығында аппарат басшысы Б.В.Житербаева, ұйымдастыру бөлімінің басшысы И.А.Несина,   ұйымдастыру    бөлімінің     жетекші      маманы Н.Н. Ниязовамен «Ұзынкөл аудандық мәслихатының  аппараты»  ММ (әрі қарай-Аппарат) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

     Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бойынша № 18 бұйрықтың  8 тармағына сәйкес аппаратта мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

   1)аппарат  қызметін қатысты нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің анықтау; 

   2)аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    Өткізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау барысында талданған  нормативтік құқықтық актілер: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару  туралы» Қазақстан Республикасының Заңы,   «Нормативтік құқықтық актілер туралы»,  Аппарат өз қызметінде басшылыққа алатын «Ұзынкөл аудандық мәслихатының Аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі туралы, Регламенті және т.б.

«Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәслихатының 2017 жылғы                    15 қыркүйектегі № 136 «Ұзынкөл аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді.

    Аппаратта  Ұзынкөл аудандық  мәслихатының нормативтік құқықтық және құқықтық актілеріне  тұрақты түрде мониторин жүргізіліп отырады.

    Аппарат Ұзынкөл аудандық мәслихатының нормативтік құқықтық актілеріне тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.

      Жоғарыда аталған критерийлер бойынша Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметін қарастыру кезінде ішкі талдау келесідей:

 1)Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау:

   Аппарат қызметкерлерінің штат саны 5 бірлікті құрайды, қазіргі уақытта Е-4 санатындағы ұйымдастыру бөлімінің бас маманы (декреттік демалыс кезеңінде) бос әкімшілік лауазымы бар.Ауысулар болған жоқ.  Ағымдағы жылдың шілде айында аппаратпен Е-4 санатындағы ұйымдастыру бөлімінің бас маманы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізілді. Конкурстық рәсімдер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен  бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты  өткізу қағидаларын (бұдан әрі-қағидалар) сақтай отырып өткізілді. Конкурс қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметші Е-4 санатындағы ұйымдастыру бөлімінің бас маманы лауазымына қабылданды.

   Заңға сәйкес, аппаратттың  мемлекеттік қызметшілері кірістері мен мүлік туралы декларацияларды уақытында мемлекеттік кірістерді басқармасына тапсырады. Мемлекеттік қызметтің оң имиджін жасау мақсатында «сенім телефоны» жұмыс істейді. «Сенім телефоны» туралы хабарлама аудандық «Нұрлы жол» газетінде жарияланады. Мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 814 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне енгізілген өзгерістермен танысты. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

2) Мүдделер қақтығысын реттеу:

   Аппаратта туыстық немесе жұбайлық қатынастағы мемлекеттік кызмешілер жұмыс істемейді. Аппараттың барлық қызметкерлері Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының  Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «ақпараттық қызметі» негізінде тексерілген. Мемлекеттік қызметшілер сотталмаған және айыппұлдар салынбаған. Мемлекеттік қызметшілерге қатысты мемлекеттік басқару қызметкерлерінің теріс материалдарды анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдар мониторингі жүргізілді.  Осы кезеңде теріс материалдар анықталған жоқ.

    2023 жылғы талдау кезеңінде бір  мемлекеттік қызметшілер тәртіптік жауапкершілікке ешкім тартылған жоқ.  Прокурорлық қадағалаулар болған жоқ. Есептік кезеңде мемлекеттік органдардан тексерулер жүргізілген жоқ. Аудандық мәслихат хатшысымен аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы іске асыру жөніндегі 2021-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Барлық мемлекеттік қызметшілер  аталған іс-шара жоспарымен таныстырылды. Сонымен қатар, қызметшілердің құқықтық мәдениетін және әділеттілік сезімін жақсарту мақсатында аудандық мәслихаттың хатшысы құқықтық білім мектебінің құқықтық білім беру бағдарламасы бекітілді.

3) Мемлекеттік қызметтер  көрсету:

Аппарат мемлекеттік қызмет көрсетпейді.

4) Рұқсат беру функцияларын  іске  асыру:

Аппарат рұқсат беру функциясын жүзеге асырмайды.

5) Бақылау-тексеру  функцияларын  іске  асыру:

Аппарат бақылау функциясын жүзеге асырмайды.

6) Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу:

Аппараттың бюджет қаражатын игеру 100%  құрайды.

7) Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу:

2023 жылы заңды тұлғалармен мемлекеттік сатып алу туралы 44 шарт жасалды. Негізінен аппарат қызметін қамтамасыз ету, мәслихат депутаттарының қызметін арттыру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру жөнінде шарттар жасалды.

8) Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану:

Аппарат «Е-қызмет» персоналды басқарудың интеграциялық ақпараттық жүйесінде, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Интранет – порталында (бұдан әрі-ИПГО), мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде (бұдан әрі-ЭҚАБЖ), «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде, «электрондық мемлекеттік сатып алу» АИАЖ-да жұмыстарды жүзеге асырады. Өтініштер мен құжаттардың орындалу мерзімдерінің уақтылы жүзеге асырылуына тұрақты негізде бақылау жүргізіледі.

9) Талдау объектісінің  ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер:

    2023 жылғы талдау жасау кезеңіне аудандық мәслихатқа 8 жеке және заңды тұлғадан. «Е-Өтініш» бірыңғай ақпараттық жүйеде белгіленген тәртіппен тіркелген. Өтініштің талдау сипаты: коммерциялық ұсыныстарға, сайлау қатысты өтініштер болды. 8 өтініш қаралып (5 -қаралды, 1-түсіндірілді, 2-қайта бағытталды). Азаматтарды қабылдау кестесі Ұзынкөл аудандық мәслихат  төрағасымен бекітіліп әр бір тоқсан сайын аудандық мәслихаттың сайтында орналастырылады. Мәслихат төрағасы тұрақты түрде азаматтарды қабылдауды өткізеді.  Прокурорлық қадағалау актілері, сот актілері түскен жоқ. Аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

   Аппаратта сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша  Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлар туындау мүмкіндіктері анықталған жоқ.

«КЕЛІСІЛДІ»

Ұзынкөл аудандық

мәслихатының төрағасы

________________ Н.Булатов

Дайындағандар:

Аппарат басшысы                                                                Б.В.Житербаева

Ұйымдастыру бөлімінің басшысы                                     И.А.Несина 

Ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы                         Н.Н.Ниязов

Дата публикации
25 января 2024