Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Мәслихаттың    2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 51 шешімі, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімілінде № 101124-10 болып тіркелген)

 

 

 

 

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын, осы шешімнің 1 -қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Ұзынкөл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық

мәслихаттың төрағасы                                          Н.Булатов                                                            

 

 

Шешім
Дата публикации
22 января 2024