Ұзынкөл ауданы ауылдарының, ауылдық округтерінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттері туралы

Қостанай облысы Ұзынкөл аудандық мәслихатының № 62 шешімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұзынкөл ауданының 2024-2026  жылдарға арналған аудандық

бюджеті туралы

 

 

        Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты  ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:

      1.Ұзынкөл ауданының 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

     1) кірістер – 5 625 743,0 мың теңге, оның iшiнде:

     салықтық түсімдер бойынша – 1 518 539,0 мың теңге;

     салықтық емес түсімдер бойынша – 144 215,0 мың теңге;

     негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 13 894,0 мың теңге;

     трансферттер түсімі бойынша – 3 949 095,0 мың теңге; 

     2) шығындар – 5 531 243,0 мың теңге;  

     3) таза бюджеттiк кредиттеу – 20 475,0 мың теңге,  оның iшiнде:

     бюджеттiк кредиттер – 40 612,0 мың теңге; 

     бюджеттiк кредиттердi өтеу – 20 137,0 мың теңге;

     4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 94 500,0 мың теңге;

     5) бюджет тапшылығы (профициті) – -20 475,0 мың теңге; 

     6)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                   20 475,0 мың теңге.

     2.2024 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен             берілетін субвенция көлемі 166 907,0 мың теңге сомасында көзделгені  ескерілсін.

     Аудандық бюджеттен облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюлар қарастырылған.

3.2024 жылға арналған аудандық бюджетте  аудандық бюджеттен ауылдардың, ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін субвенциялар көлемдері 333 268,0 мың теңге сомасында көзделгені  ескерілсін, оның ішінде:

       Бауман ауылы – 23 992,0 мың теңге;

       Ершов ауылдық округі – 9 075,0 мың теңге;

       Киров ауылдық округі – 25 324,0 мың теңге;

       Новопокров ауылдық округі – 25 393,0 мың теңге;

       Обаған ауылдық округі – 26 255,0 мың теңге;

       Пресногорьков ауылдық округі – 36 520,0 мың теңге;

       Ряжск ауылдық округі – 27 504,0 мың теңге;

       Сатай ауылы – 23 910,0 мың теңге;

       Троебратское ауылы – 36 082,0 мың теңге;

       Ұзынкөл ауылдық округі – 76 482,0 мың теңге;

       Федоров ауылдық округі – 22 731,0 мың теңге.

       Ауылдардың, ауылдық округтердің  бюджеттерінен   аудандық бюджетке бюджеттік алып қоюлар көзделмеген.

      4.2024 жылға арналған аудандық бюджетте бюджеттік кредиттерді өтеу ескерілсін.

      5.2024 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджетке аударуға жататын бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар төлеу жөнінде борышқа қызмет көрсету көзделсін.

      6.Ұзынкөл ауданының жергілікті атқарушы органының  2024 жылға арналған резерві 16 766,0 мың теңге мөлшерінде бекітілсін.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

                                                              

 

Ұзынкөл            аудандық

мәслихатының  төрағасы                                                             Н.Булатов

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

«Ұзынкөл  ауданының    экономика

және бюджеттік  жоспарлау бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің  басшысы

_____________А. Лагушина     

2023  жылғы  «26» желтоқсандағы

 

Дата публикации
15 января 2024