2025 жылға арналған
Ұзынкөл аудандық мәслихатының жұмыс жоспары
|
Мерзімі |
Іс-шаралар |
|
Ұзынкөл аудандық мәслихатының кезекті сессиялары
|
|
|
I тоқсан |
1.Ұзынкөл аудандық мәслихаты төрағасының 2024 жылы жасаған жұмыстары мәслихат қызметін ұйымдастыру туралы есебі. 2.2024 жылы Ұзынкөл аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының жұмыс нәтижелері туралы. |
|
II тоқсан |
1.Ұзынкөл ауданының 2024 жылға арналған аудандық бюджетінің атқарылуы туралы. 2.Ұзынкөл ауданының (4-деңгейлі) ауылдарымен, ауылдық округінің 2024 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы. |
|
III тоқсан |
Ұзынкөл ауданы әкімінің оған жүктелген қызметтері мен міндеттерінің орындауы туралы есебі. |
|
IV тоқсан |
1.Ұзынкөл ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы. 2.Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы. |
|
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстары |
|
|
Ауданның бюджетін және экономикасын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы |
|
|
I тоқсан |
Қажет болған жағдайда. |
|
II тоқсан |
1.«Ұзынкөл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасы» РММ-нің 2024 жылға арналған салық алымдарының және аудандық бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толықтығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы. 2.Ұзынкөл ауданының 2024 жылғы аудандық бюджетінің атқарылуы туралы есептің жобасы туралы. 3.Ұзынкөл ауданы ауылдарының, ауылдық округтерінің (4-деңгей) бюджеттерінің атқарылуы туралы 2024 жылғы есептің жобасы туралы. |
|
III тоқсан |
1.Ұзынкөл ауданының 2024 жылғы I-жартыжылдықтағы аудандық бюджетінің атқарылу барысы туралы. 2.Ұзынкөл ауданы ауылдарының, ауылдық округтерінің (4-деңгей) бюджеттерінің 2024 жылғы I - жартыжылдықтағы атқарылу барысы туралы. |
|
IV тоқсан |
1.Ұзынкөл ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджетінің жобасы туралы. 2.Ұзынкөл ауданының 2026-2028 жылдарға арналған ауылдар мен ауылдық округтер бюджеттерінің (4-деңгей) жобасы туралы. 3.Аудандық мәслихаттың 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына (кезекті сессияда қарау үшін) ұсыныстар әзірлеу туралы.
4.2026 жылғы мәслихаттың тұрақты комиссиясы жұмысының қорытындылары туралы (кезекті сессияда қарау үшін тұрақты комиссия қаулыларының орындалуын талдау және бақылау). |
|
Әлеуметтік сала, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы |
|
|
I тоқсан |
Ұзынкөл ауданындағы денсаулық сақтау саласындағы проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары туралы. |
|
II тоқсан |
Ұзынкөл ауданындағы криминогендік жағдайдың жай-күйі мен даму тенденциясы, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы. |
|
III тоқсан |
1.Ұзынкөл ауданының ауылдары мен ауылдық округтерінің жай-күйі мен даму перспективалары туралы (іссапар). 2.Ұзынкөл ауданы бойынша ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету туралы (іссапар). |
|
IV тоқсан |
1.Аудандық мәслихаттың 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына (кезекті сессияда қарау үшін) ұсыныстар әзірлеу туралы. 2.Мәслихаттың 2025 жылғы тұрақты комиссиясы жұмысының қорытындылары туралы (кезекті сессияда қарау үшін тұрақты комиссия қаулыларының орындалуын талдау және бақылау). |
|
Ұзынкөл аудандық мәслихат депутаттарының есептік кездесулері халықпен |
|
|
IV тоқсан
|
Халықпен есептік кездесу. |