2020 жылдың ІІ-ші жарты жылдығына «Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу бойынша аналитикалық анықтама

     

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 - бабы 5 - тармағына  және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау жүргізудің үлгілік қағидасының                  4 - тармағына сәйкес, 2020 жылғы 20 желтоқсандағы  №29 «ө» аудандық мәслихат хатшысының «Сыбайлас  жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу туралы» өкімі негізінде 2020 жылдың ІІ-ші жарты жылдығына 2020 жылдың 21 мен 22 желтоқсаны  аралығында аппарат басшысы Б.В.Житербаева, ұйымдастыру бөлімінің басшысы А.С.Беккалиев, ұйымдастыру бөлімінің бас маманы А.С. Тулеповамен  «Ұзынкөл аудандық мәслихатының  аппараты»  ММ (әрі қарай-Аппарат) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

         Сыбайлас  жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бойынша  № 18 бұйрықтың  8 тармағына сәйкес аппаратта мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

 

1) Аппарат  қызметін қатысты нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің анықтау.

 2)Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

    Өткізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау барысында талданған  нормативтік құқықтық актілер: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару  туралы» Қазақстан Республикасының Заңы,   «Нормативтік құқықтық актілер туралы»,  Аппарат өз қызметінде басшылыққа алатын «Ұзынкөл аудандық мәслихатының Аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі туралы, Регламенті және т.б.

   «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес.

    2018 жылдың 19 наурызында №190  «Ұзынкөл аудандық  мәслихатының  аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн бағалау әдiстемесiн бекiту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7685 болып тіркелген)  шешімін қабылдады.

     Талдау нәтижелері бойынша Аппараттың қызметіне әсер ететін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

      Жоғарыда аталған критерийлер бойынша Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметін қарастыру кезінде ішкі талдау келесідей:

 

1) Персоналдарды басқару,  оның ішінде кадрлардың  ауысуы:

 

   Аппарат қызметкерлерінің штат саны 5 бірлікті құрайды, әкімшілік лауазымдық бос орындар жоқ. Ауысулар болған жоқ.

   Заңға сәйкес, аппаратттың  мемлекеттік қызметшілері кірістері мен мүлік туралы декларацияларды уақытында мемлекеттік кірістерді басқармасына тапсырады. Мемлекеттік қызметтің оң имиджін жасау мақсатында «сенім телефоны» жұмыс істейді. «Сенім телефоны» туралы хабарлама аудандық «Нұрлы жол» газетінде жарияланады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Этикалық Кодекісінің мәтіні қабылдау бөлімінде стентте орналастырылған. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер орыналмаған.

    Ұйымдастыру бөлімінің басшысы А.С. Беккалиев 2020 жылдың 18 мен 20   мамыры аралығында «Қазақстан Республикасы Призиденті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Қостанай облысы бойынша филиалында қайта даярлау курсынан өтті.  

        

2)  Көзқарас келіспеушіліктерін  реттеу

 

   Аппаратта туыстық немесе жұбайлық қатынастағы мемлекеттік кызмешілер жұмыс істемейді. Аппараттың барлық қызметкерлері Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының  Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «ақпараттық қызметі» негізінде тексерілген. Мемлекеттік қызметшілер сотталмаған және айыппұлдар салынбаған. Мемлекеттік қызметшілерге қатысты мемлекеттік басқару қызметкерлерінің теріс материалдарды анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдар мониторингі жүргізілді.  Осы кезеңде теріс материалдар анықталған жоқ.

    2020 жылғы талдау кезеңінде мемлекеттік қызметшілер тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ. Прокурорлық қадағалаулар болған жоқ. Есептік кезеңде мемлекеттік органдардан тексерулер жүргізілген жоқ. Аудандық мәслихат хатшысымен аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы іске асыру жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Барлық мемлекеттік қызметшілер  аталған іс-шара жоспарымен таныстырылды. Сонымен қатар, қызметшілердің құқықтық мәдениетін және әділеттілік сезімін жақсарту мақсатында аудандық мәслихаттың хатшысы құқықтық білім мектебінің құқықтық білім беру бағдарламасы бекітілді.

 

3) Мемлекеттік қызмет көрсету

Аппарат мемлекеттік қызмет көрсетпейді.

 

4) Рұқсат беру функциясын жүзеге асыру

Аппарат рұқсат беру функциясын жүзеге асырмайды.

 

5) Бақылау функциясын жүзеге асыру

Аппарат бақылау функциясын жүзеге асырмайды.

 

6) Аппараттың  ұйымдастыру-басқару қызметі  нәтижесінде туындайтын басқа да мәселелер:

    Талдау жасау кезеңіне 2020 жылы аудандық мәслихатқа 4 жеке тұлғадан,               12 заңды тұлғадан өтініш келіп түскен. 

    Өтініштің талдау сипаты: салық және кедендік түсімдерге, халықты құжаттауға және басқа мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесуге, сайлау мәселесі, мемлекеттік басқаруға  қатысты өтініштер.

    16 өтініш қаралдып (16- түсіндірілді). Азаматтарды қабылдау кестесі Ұзынкөл аудандық мәслихат  хатшысымен бекітіліп әр бір тоқсан сайын аудандық мәслихаттың сайтында орналастырылады. Мәслихат хатшысы тұрақты түрде азаматтарды қабылдауды өткізеді.  Прокурорлық қадағалау актілері, сот актілері түскен жоқ. Аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

   Аппаратта сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша  Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлар туындау мүмкіндіктері анықталған жоқ.

2020 жылдың ІІ-ші жарты жылдығына «Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу бойынша аналитикалық анықтама
Дата публикации
22 декабря 2020