Жоба
Мәслихаттың 2022 жылғы 16 ақпандағы №114 «Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Аудандық мәслихаттың төрағасы Н. Болатов
Мәслихаттың 2026 жылғы
« » тамыздағы №
шешіміне қосымша
Ұзынкөл аудандық мәслихатының
2022 жылғы «16» ақпандағы №114
шешімімен бекітілген
«Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
12.Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппаратының өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
2. Мәслихат аппаратының міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері
13.Міндеттері: негізгі міндет мәслихат пен оның органдарының қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мәслихат депутаттарына олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету болып табылады.
1) құқықтар:
Жеке және заңды тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге, шарттар жасасуға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәмілелер жасауға;
мәслихаттың және оның органдарының отырыстарына, сондай-ақ мәслихат өткізетін өзге де іс-шараларға қатысуға;
мәслихат құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан қажетті құжаттарды, мәліметтерді және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;
мемлекеттік органдарды, ұйымдарды, мамандар мен сарапшыларды заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихаттың қарауына шығарылатын материалдар мен құжаттарды дайындауға тарту;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
2) міндеттері:
мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық, құжаттамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, оның ішінде мәслихат пен оның органдарының отырыстарына, сондай-ақ мәслихат қызметі шеңберінде өткізілетін өзге де іс-шараларға материалдар дайындауды қамтамасыз ету;
өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
мәслихаттың, оның төрағасының, тұрақты және уақытша комиссиялардың, мәслихаттың өзге де органдары мен депутаттардың қызметінің ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат пен оның органдарының қарауына шығарылатын өзге де құжаттар мен материалдарды дайындауды, ресімдеуді және сүйемелдеуді ұйымдастыру;
депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде олардың қызметін ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және тұрғындармен өзара іс-қимылын ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін ақпараттық сүйемелдеу, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды және мәслихаттың қызметі туралы тұрғындарды хабардар етуді қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, іс қағаздарын жүргізу және құжаттарды мұрағаттық сақтау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сондай-ақ мәслихатқа келіп түсетін петицияларды қарауды ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына және еңбек заңнамасына сәйкес мәслихат аппаратында кадр жұмысын ұйымдастыру;
Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;
аппарат құзыреті шегінде мәслихат аппаратының қызметін және мәслихат қызметін қаржылық, материалдық-техникалық және шаруашылық қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3. Мәслихат аппараты басшысының мәртебесі, өкілеттігі
16.Мәслихат аппаратының қызметіне басшылықты мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын мәслихат аппаратының басшысы жүзеге асырады.
17.Мәслихат аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
19.Мәслихат аппаратының басшысы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады.
20.Мәслихат аппараты басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мәслихат аппаратының мүлкі
21.Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22.Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23.Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мәслихат аппаратының өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.