ХАБАРЛАМА
2026 жылдың 12 қазанында сағат 10:00-де аудандық мәслихаттың VІІI сайланған LVІІ кезектен тыс сессиясы өткізіледі.
Күн тәртібі:
1. Успен аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 78/13 «Успен ауданының аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2. Успен аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 162/27 «Успен аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Сессия Успен ауылы, Қазыбек би көшесі, 71 мекенжайы бойынша мәжіліс залында өткізіледі.
Успен аудандық мәслихат төрағасы Ж. Бараисов
ХАБАРЛАМА
Успен ауданының Қоғамдық кеңесі аудандық қоғамдық кеңестің шығып қалған бір мүшесінің орнына оның өкілеттіктерінің қалған мерзіміне конкурс хабарлайды.
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 9-бабына сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде өзін-өзі ұсынуы мүмкін.
Ұсыныстар осы хабарландыру жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде қоғамдық кеңеске Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестері туралы» Заңының 10-бабына сәйкес келесі құжаттарды ұсынумен жазбаша нысанда беріледі:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар
1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ Қоғамдық кеңес жергілікті деңгейде қалыптастырылған жағдайда – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
1) сотталғандығы болмауы;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
Ұсыныстарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін usp_maslixat@mail.ru электрондық мекенжайына немесе Успен ауылы, Қазыбек би көшесі, 71, 17 кабинетке ұсыну керек, анықтамалар үшін телефон 91-360
Успен ауданының қоғамдық
кеңесі
25.09.2026 ж
|
№ п/п |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау комиссиясының мекенжайы (пошталық мекенжайы, сайлау комиссиясы орналасқан ғимарат)
|
Сайлау учаскесіндегі бос орын саны |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
Аумақтық сайлау комиссиясы |
|||
|
1. |
|
141000, Успен ауылы, Милевский көшесі, 65, «Сауық орталығы» КМҚК |
2 |
|
Округтік сайлау комиссисы |
|||
|
2. |
2 |
141006, Қозыкеткен ауылы, Победа көшесі, 23, «Қозыкеткен ЖОББМ» |
1 |
|
3. |
3 |
141000, Успен ауылы, Қазыбек би, 71, «Успен ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ |
1 |
|
Учаскелік сайлау комиссиясы |
|||
|
4. |
412 |
141002, Қаратай ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі, 1, «Қаратай ЖОББМ» |
1 |
|
5. |
416 |
141006, Қозыкеткен ауылы, Победа көшесі, 24а, ауылдық мәдениет үйі |
1 |
|
6. |
418 |
141000, Успен ауылы, Қазыбек би көшесі, 68, «Балдырған» БЭО КМҚК |
2 |
|
7. |
425 |
141013, Равнополь ауылы, Ленин көшесі, 111, «Равнополь НОБМ» |
3 |
|
6. |
428 |
141003, Вознесен ауылы, Победа көшесі, 40, ауылдық мәдениет үйі |
1 |
|
Барлығы |
12 |
||
Елімізде «Кітап оқитын ұлт» ауқымды кітап оқу марафоны бастау алды. Осы жоба аясында «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» арнайы бағыты бойынша сайысқа қатысыңыз!
Егер сіз мемлекеттік қызметте жұмыс істесеңіз, бұл – ой-өрісіңізді кеңейтіп қана қоймай, бағалы жүлделерге де ие болудың тамаша мүмкіндігі.
Не істеу керек?
* Арнайы дайындалған тізімнен қазақ немесе орыс тіліндегі 15 кітапты таңдап оқу. Жинаққа отандық авторлардың шығармалары, әлемдік классика және шабыт беретін заманауи әдебиеттер енгізілген.
* Кітаптарды негізгі кезең аралығында оқып шығу (2026 жылғы қыркүйек пен 2027 жылғы наурыз аралығы).
🏆 Финалистерді не күтеді?
Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталады, ал барлық финалистер арнайы дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады!
Жобаға қосылыңыздар, жалпыұлттық қозғалыстың бір бөлігіне айналыңыз!
🔗 Толық ақпарат пен ұсынылған әдебиеттер тізімін мына сайттан таба аласыздар: www.reading-nation.kz
#КітапОқитынҰлт #КітапОқитынМемлекеттікҚызметші #ОқуМарафоны #Даму #Қазақстан
Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.
Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:
- «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;
- «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;
- «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;
- «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;
- «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;
- «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;
- «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.
Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.
Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.
Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге.
Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.
«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың өзімен ғана шектелмейді.
«Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол ашып отырмыз.
Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков.
Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz
Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.
Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.
ХАБАРЛАМА
2026 жылдың 18 қыркүйегінде сағат 10:00-де аудандық мәслихаттың VІІI сайланған LVI кезекті сессиясы өткізіледі.
Күн тәртібі:
Успен ауданы әкімінің 2026 жылғы 6 ай ішіндегі ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есебі және басқа мәселелер.
Сессия Успен ауылы, Қазыбек би көшесі, 71 мекенжайы бойынша мәжіліс залында өткізіледі.
Успен аудандық мәслихатының «Успен ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің жобасы
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
2026 жылы 31 тамыз
«Успен ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Успен аудандық мәслихатының «Успен ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің жобасы әзірленді (бұдан әрі- шешім жобасы).
Шешім жобасы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына сәйкес әзірленді.
Аталған шешімді жобасын қабылдаудың мақсаты Успен ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшерін 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға төмендету.
Бұл шешім қосымша қаржыландыруды көздемейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешімнің жобасы мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында 2026 жылы 31 тамызда орналастырылған.
Успен аудандық мәслихатының «Успен аудандық мәслихатының 2026 жылғы 9 сәуірдегі «Успен ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 223/50 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2026 жылғы 21 тамыз
«Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Успен аудандық мәслихатының «Успен аудандық мәслихатының 2026 жылғы 9 сәуірдегі «Успен ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 223/50 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасы (бұдан әрі – шешім жобасы) әзірленді.
Аталған шешім жобасын қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру болып табылады.
Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы 2026 жылғы 21 тамызда мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында орналастырылды.
ХАБАРЛАМА
2026 жылдың 31 шілдесінде сағат 10:00-де аудандық мәслихаттың VІІI сайланған LV кезектен тыс сессиясы өткізіледі.
Күн тәртібі:
Успен аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 207/45 «2026-2028 жылдарға арналған Успен ауданының ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы және басқа мәселелер.
Сессия Успен ауылы, Қазыбек би көшесі, 71 мекенжайы бойынша мәжіліс залында өткізіледі.
ХАБАРЛАМА
2026 жылдың 27 шілдесінде сағат 09:30-да аудандық мәслихаттың VІІI сайланған LІV кезектен тыс сессиясы өткізіледі.
Күн тәртібі:
Успен аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 204/44 «2026-2028 жылдарға арналған Успен аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы және басқа мәселелер.
Сессия Успен ауылы, Қазыбек би көшесі, 71 мекенжайы бойынша мәжіліс залында өткізіледі.