Меню

Страницы

Статья

7 маусым Успен аудандық мәслихатының әлеуметтік саясат және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті

7 маусым Успен аудандық мәслихатының әлеуметтік саясат және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті.

«Балалар және жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелер мен спорттық секциялардың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру жағдайы туралы» Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.М. Альпеисова және аудандық білім бөлімінің басшысы А.К. Жиренова сөз сөйледі. Баяндаушылардың айтуынша, Успен ауданында 3 қызмет көрсетуші тіркелген: Успен ауылында «Бут А.А.» ЖК (ауыр атлетика бойынша 24 бала), Лозов ауылында «Бижанова Т.А.» ЖК (футболдан 2 қыздар тобы) және аудан бойынша спорттық секцияларға балаларды қабылдау бойынша ұйымдастыру жұмыстарын  ұйымдастырушысы «Nyssa» ЖШС, «Әбдіүміт Гүлзина» ЖК Успен және Ольгин ауылдарында 9 топ ашты.  «Digital Systems» ЖК қосымша білім берудің жеке ұйымы ретінде тіркелді. Осы жеке кәсіпкер балаларды робототехника негіздеріне, бағдарламалау тілдеріне, хореографияға бағытталған. Болашақта Web-дизайн бағыты бойынша 2 тобын ашу жоспарланған.

Ауыл шаруашылығы саласында  инвестициялық келесі жобаларды іске асыру жоспарланған: «Галицкое» ЖШС – 2875 млн.теңге сомасына 553 га суармалы учаскесінің құрылысы, «БИК» ШҚ – 500 млн.теңге сомасына 515 ІҚМ басына сүт-тауар фермасын салу.

Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының баяндамасы бойынша, «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» үшінші бағыты аясында қазіргі таңда өңірлік квотадан өткендердің жалпы саны 16 отбасы 74 адамды құрайды, оның ішінде қоныс аударушылар – 70 адам, қандастар – 4 адам. 

Дата публикации
08 июня 2022
Дата обновления
08 июня 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
30 ноября 2023
VIII сайланған VIII кезектен тыс сессиясы
30 ноября 2023
ХІ кезектен тыс сессия

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы