2022 жылдың 1 ақпаны аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы онлайн режимінде zoom конференциясында өтті.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралады:
1. «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» Успен ауданында 2021 жылы іске асырылуы туралы
2. «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2022-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» Успен ауданында 2021 жылы іске асырылу барысы туралы
3. Успен ауданы бойынша 2021 жылғы жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды іске асыру қорытындысы туралы есеп
4. Успен аудандық мәслихатының «Успен ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешімінің 2021 жылы іске асырылуы туралы
5. Успен ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің 2021 жыл ішіндегі қызметі және 2022 жылға арналған жоспарлары туралы
6. Успен ауданының Жастар бастамаларын дамыту орталығының 2021 жыл ішіндегі жұмысы және 2022 жылға арналған жоспарлары туралы
Комиссия отырысына аудандық мәслихат депутаттары Ж.Каримова, Б.Бекенова, Ж.Бараисов, Г.Наукенов, Е.Инербаев, М.Алькеева, А.Абзалов, А.Даулбаев қатысты.