"2025 жылға арналған Успен ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" шешім жобасы

ЖОБА

 

Успен аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

(VІІІ сайланған                сессия)

 

Успен ауылы                                   № _____           ___________ 2025 жылғы  

 

 2025 жылға арналған Успен ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және               өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын  бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің                2023 жылғы 14 шілдедегі  № 181  бұйрығына сәйкес, Успен аудандық          мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2025 жылға арналған Успен ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Успен аудандық мәслихатының төрағасы

 

 

Ж. Бараисов

 

Дата публикации
05 сентября 2025