Успен аудандық мәслихатының «Успен ауданының бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің жобасы

ЖОБА

 

 

Успен ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының                    5-тармағына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Успен ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері салықтық кезеңде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 %-дан 2 %-ға төмендетілсін.
  2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

 

Лауазымы                                                                                     Аты-жөні

 

Успен аудандық мәслихатының «Успен ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

№ р/с

Түсіндірме жазбадан көрініс табуы тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші-мемлекеттік органның

ақпараты

1.

Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы

«Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2.

Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері

Жоба «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес әзірленді

3.

Нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда бюджет комиссиясының шешімі

Жоқ

4.

Нормативтік құқықтық актінің жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ нормативтік құқықтық актінің жобасы ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы

Жобаның қабылдауы жағымсыз әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқтырмайды, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді

5.

Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері

Мақсаты – шағын және орта бизнес үшін салық жүктемесін азайту.

Мерзімі - 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

6.

Нормативтік құқықтық актінің жобасында қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Жоқ

7.

Енгізілетін нормативтік құқықтық актінің жобасы қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі не ондай қажеттіліктің болмауы

Талап етілмейді

8.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы ақпарат (күні, байт көлемі)

https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-uspenka/documents/details/750561?lang=kk

9.

Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына баспасөз релизінің уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурсында орналастырылғаны туралы ақпарат

https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-uspenka/documents/details/750557?lang=kk

10.

Нормативтік құқықтық актінің жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

Жоқ

11.

Нормативтік құқықтық актінің жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері

Жоқ

 

 

«Успен ауданының кәсіпкерлік

және ауыл шаруашылық бөлімі»

КММ басшысы                                                                                         К. Искакова

                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
19 ноября 2024