ЖОБА
Успен аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 345/69 «Успен ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Успен аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Успен ауандық
маслихатының төрағасы Ж. Бараисов
Шешімге
Қосымша
|
|
Успен аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 345/69 шешіміне 2-қосымша
|
Успен ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес
аумақтардың шекаралары
Пикеттеуді мынадай объектілердің іргелес жатқан аумақтарының шекарасынан 800 метр қашықтықта:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда жүргізуге жол берілмейді.