Успен аудандық мәслихатының "Успен ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" шешім жобасы

Жоба

 

Успен аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

(VІІІ сайланған         сессия)

 

Успен ауылы                                  № _____               2023 жылғы

 

 

 

 

Успен ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған

туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

 

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 2-10) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 10-3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» № 181 бұйрығына сәйкес Успен аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда Успен ауданының аумағында туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін әрбір тәулік үшін туристік жарна мөлшерлемелері айлық есептік көрсеткіштің 0,2 (нөл бүтін оннан екі) мөлшерінде бекітілсін.
  2. Успен аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 166/27 «Успен ауданы бойынша туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7303 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

        

Успен аудандық

мәслихат төрағасы

 

 

Ж. Бараисов

 

Дата публикации
07 сентября 2023