Успен аудандық мәслихатының ««Успен ауданының мәслихат аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекеменің ережесін бекіту туралы» шешім жобасы

ЖОБА

Успен аудандық мәслихаты

 

ШЕШІМ

 

 

Успен ауылы                          №__                          2023 жылғы ______

 

 

«Успен ауданының мәслихат аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің                    40-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының              7-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі              № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «Успен ауданының мәслихат аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған ережесі (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.
  2. Успен аудандық мәслихатының 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 97/14 «Успен ауданының мәслихат аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. «Успен ауданының мәслихат аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

Ережені әділет органында тіркеу бойынша шараларды қабылдасын;

осы шешімнен туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Успен аудандық мәслихат аппаратының басшысына жүктелсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Успен аудандық

         мәслихатының төрағасы                                      Ж. Бараисов

 

 

 

 

 

 

 

Успен аудандық мәслихатының шешімімен

2023 жылғы «__» ________

№ _____

бекітілді

 

«Успен ауданының мәслихат аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже

 

1 тарау. Жалпы ережелер

 

  1. «Успен ауданының мәслихат аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мәслихат аппараты) Успен аудандық мәслихатының (бұдан әрі – аудандық мәслихат) ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.
  3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Мәслихат аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. Мәслихат аппараты егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. Мәслихат аппараты өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Успен аудандық мәслихаты төрағасының өкімімен ресімделетін шешімдер және мәслихат аппараты басшысының бұйрығымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. Мәслихат аппараты құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудаңдық мәслихаттың шешімімен бекітіледі.
  9. Мәслихат аппараты орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141000, Успен ауданы, Успен ауылы, Қазыбек би көшесі, 71.

Мәслихат аппаратының жұмыс тәртібі:

дүйсенбі - жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

  1. Мемлекеттік органның толық атауы - «Успен ауданының мәслихат аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  2. Мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
  3. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  4. Мәслихат аппаратының кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппаратының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 

 

2 тарау. «Успен ауданының мәслихат аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен мен өкілеттіктері

 

  1. Міндеттері:

1) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және басқа да заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен сессияларда, тұрақты комиссиялар және өзге де органдар мен депутаттар арқылы аудандық мәслихаттың қызметін қамтамасыз ету;

2) аудандық мәслихаттың сессияларында жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету;

3) мемлекеттік функцияларды іске асыруды нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, аудандық мәслихат қабылдайтын нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және олардың орындалуына талдау жүргізу жөніндегі реттеу міндеттерімен қамтамасыз ету;

4) аудандық мәслихат депутаттарының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

5) өз өкілеттіктері шеңберінде «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық мәслихаттың қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық-техникалық және басқа да жағдайларды қамтамасыз ету;

6) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық мәслихаттың ашық отырыстарын онлайн режимінде аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында трансляциялауды қамтамасыз ету;

7) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыруға байланысты аудандық мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған ұсыныстардың бағыттарын қамтамасыз ету және аудандық мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған шығыстарды жоспарлау.

  1. Құқықтары:

1) аудандық мәслихат қызметінің мәселелері бойынша белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан ақпарат сұрату;

2) аудандық мәслихаттың және оның тұрақты (уақытша) комиссияларының қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға қатысу үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тарту;

3) депутаттардың сауалдары мен депутаттық ұсыныстарды уақтылы қарауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдарға депутаттық сауалдар, ұсыныстар, пікірлер, хабарламалар, шағымдар жіберу;

4) қабылданған шешімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

  1. Міндеттері:

1) өз құзыреті шегінде қалалық мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз ету;

2) қалалық мәслихаттың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша лауазымды тұлғаларға және мемлекеттік органдарға консультативтік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсету;

3) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету.

  1. Функциялар:

1) мәслихаттың аудандық мәслихат бекіткен жұмыс Жоспарының негізінде, сондай-ақ мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттар топтары мен депутаттар, аудан әкімі енгізетін мәселелер бойынша аудандық мәслихат сессиясын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді;

2) аудандық мәслихаттың сессияларында жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді және аудан мәслихатының құзыреті шегінде қабылданған және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету;

3) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты жалпыға міндетті маңызы бар мәслихаттың шешімдерін әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді және нормативтік құқықтық актілерге заңдық сараптама жүргізуді қамтамасыз ету;

4) аудандық мәслихат қабылдаған және (немесе) әзірлеушілері болып табылатын не Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен олардың құзыретіне жататын ескірген, сыбайлас жемқорлық сипаты бар және тиімсіз іске асырылатын құқық нормаларының нормативтік құқықтық актілеріне қатысты тұрақты құқықтық мониторингті қамтамасыз ету;

5) мәслихат қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындау, іссапар шығыстарын өтеу, депутаттардың депутаттық қызметтін жүзеге асыру үшін қажетті кеңсе керек-жарақтарымен және өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;

6) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық мәслихат сессияларын өткізуді ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді, аудандық мәслихаттың сессиялары мен басқа да отырыстарын онлайн-трансляциялауды қамтамасыз ету;

7) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық мәслихаттың ресми сайтының үздіксіз жұмыс істеуін және уақтылы өзектілендірілуін қамтамасыз ету;

8) аудандық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілерді «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру;

9) әзірлеуші аудандық мәслихат болып табылатын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастыру;

10) аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді және оны аудандық мәслихат сессиясының қарауына енгізеді;

11) аудандық мәслихаттың Медиа-жоспарын әзірлеуді қамтамасыз ету;

12) тұрақты комиссиялардың отырыстарын, көпшілік тыңдауларын, «дөңгелек үстелдерді», жұмыс сапарларын және т. б. дайындауды жүзеге асыру, тұрақты комиссиялардың мүшелеріне қаралатын мәселелердің мәні бойынша материалдарды талдау, қорыту және уақтылы ұсыну, комиссиялардың қаулыларының жобаларын әзірлеу және комиссия төрағаларымен келісу;

13) аудандық мәслихат сайты, баспа және электрондық БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы тұрақты комиссиялар депутаттары жұмысының ашықтығын және жариялылығын қамтамасыз ету;

14) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сайлаушылардың кездесулер мен қабылдауларда айтқан өтініштерінің, ұсыныстардың, проблемалық мәселелердің қорытындылары бойынша депутаттық сауалдар дайындауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ қажет болған жағдайда депутат ұсыныстарының жобасын әзірлейді және оны аудандықбюджеттің жобаларына, ауданның даму жоспарлары мен бағдарламаларына енгізеді;

15) сот органдарында мәслихат мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;

16) аудандық мәслихат қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

 

 

3 тарау. «Успен ауданының мәслихат аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшының өкілеттігі, алқалы органдардың мәртебесі

 

  1. Мәслихат аппараты басшылықты мәслихат аппараты жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын аудандық мәслихаттың төрағасы жүзеге асырады.
  2. Аудан мәслихатының төрағасы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болып табылады.
  3. Аудан мәслихаты төрағасының өкілеттіктері:

1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;

2) аудандық мәслихаттың сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;

3) аудандық мәслихат сессиясының отырысын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;

4) аудандық мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына қатысу үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;

5) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;

6) аудандық мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

7) сайлаушылардың өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы аудандық мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп отырады;

8) аудандық мәслихаттың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

9) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 24-бабы 1-тармағына сәйкес әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселеге бастама жасаған аудандықмәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;

10) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;

11) мәслихаттың тұрақты комиссияларының, өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;

12) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда аудандық мәслихаттың атынан өкіл болады;

13) аудандық мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі шараларды белгілейді;

14) егер мәслихат сессиясында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, шешуші дауыс құқығын пайдаланады;

15) заңнамада белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;

16) Мәслихат аппараты сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.

17) аудандық мәслихаттың төрағасы болмаған кезде оның өкілеттігін тұрақты негізде жұмыс істейтін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы уақытша жүзеге асырады.

18) Қазақстан Республикасының заңнамасында, регламентте және мәслихат шешімінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды;

21.Аудандық мәслихаттың төрағасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес аудандық мәслихаты аппарат басшысының өкілеттігін айқындайды.

  1. Аппаратты, мәслихат төрағасымен лауазымға тағайындалып, лауазымнан босатылатын және оның қол астында жұмыс істейтін аппарат басшысы басқарады.
  2. Аппарат басшысы:

1) аппарат қызметкерлердің қызметін жоспарлау және түзету;

2) аппараттағы құжаттарды ресімдеу және орындау мерзімдерін бақылау;

3) депутаттардың өкілеттігін жүзеге асыруға көмек көрсету;

4) құрылымдық бөлімшесінің қызметін басшылыққа алу, сессияларға, тұрақты комиссия отырыстарына және мәслихаттың басқа іс - шараларына дайындалу және өткізуді ұйымдастыру;

5) мәслихат шешімдерін, сессияда айтылған сын ескертулер мен ұсыныстардың орындалуын бақылау;

6) банктік құжаттарда бірінші қол қою құқығы бар;

7) бухгалтерлік есеп жүргізуді, штаттық, қаржылық және кассалық тәртіпті сақтауды, негізгі қорларды, тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеу өткізудің белгіленген тәртібін, есептер мен төлем міндеттемелерін, шығынға жазудың заңдылығын сақтауды бақылау;

8) қызметкерлердің еңбек тәртібін және ішкі тәртіп ережелерін сақтауды бақылау, еңбек тәртібін нығайту және жұмыс уақытының шығыстары бойынша іс шаралар әзірлеу, олардың орындалуын бақылау. 

  1. Мәслихат аппаратының әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық келісім шартқа сәйкес анықталады.
  2. Мәслихат аппараты мен мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
  3. Мәслихат аппараты мен мемлекеттік басқарудың тиісті саласын басқару жөніндегі уәкілетті орган арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

 

4 тарау. «Успен ауданының мәслихат аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

 

  1. Мәслихат аппараты заңнамада көзделген жағдайларда оқшауланған мүлікті жедел басқаруға құқығы бар.

Мәслихат аппараты мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Мәслихат аппараты бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мәслихат аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

 

5 тарау. «Успен ауданының мәслихат аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Мәслихат аппараты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

Дата публикации
22 мая 2023