Успен аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 136 шешімі

Успен аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

(VІІ сайланған XXІV кезектен тыс сессия)

 

Успен ауылы                 № _____         2022 жылғы 21 желтоқсан

 

  «Успен ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы

 

        Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес, Успен ауданы әкімінің 2022 жылғы 29 қарашадағы № 1-26/1135 ұсынымы негізінде, Успен аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Успен ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан қомақты үлесі үшін «Успен ауданының Құрметті азаматы» атағы берілсін:

         Василий Борисович Белыйға, 1949 жылы туылған, ауыл шаруашылығының еңбек ардагеріне;

         Давид Серёжаевич Хачатрянға, 1951 жылы туылған, «Двин» шаруа қожалығының басшысына;

         Зинаида Петровна Бендерге, 1944 жылы туылған, педагогикалық еңбек ардагеріне;

         Галина Романовна Заикаға, 1937 жылы туылған, ауыл шаруашылығының еңбек ардагеріне;

         Акмаржан Алибековна Алтаеваға, 1948 жылы туылған, ауыл шаруашылығының еңбек ардагеріне;

         Кулима Билиспековна Султангазиноваға, 1948 жылы туылған, педагогикалық еңбек ардагеріне;

        Нина Ефремовна Ледакқа, 1936 жылы туылған, еңбек ардагеріне.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының әлеуметтік саясат және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

        

Успен аудандық

мәслихатының хатшысы                                     Ж. Бараисов

Дата публикации
30 декабря 2022