Успен ауданының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс

ХАБАРЛАНДЫРУ

         Успен аудандық мәслихаты 5 адамнан тұратын Успен ауданының  қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

           Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелері жалпы санының үштен бірінен аспайды.

          Жұмыс тобының құрамында азаматтық қоғамнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрайды және коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

         Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің 7-тармағына сәйкес қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар ұсынуы мүмкін. Ұсыныстар жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап 5 күнтізбелік күн ішінде ұсынылады, қолма-қол ұсынады немесе аудандық мәслихаттың электрондық мекенжайына келесі құжаттарды жолдайды:

         1) Үлгілік ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы азаматтың өтініші;

        2) кандидатураны (бар болған кезде) жұмыс тобының мүшесіне ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның  жазбаша ұсынысы;

       3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

        4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.   

         Ұсыныстарды ағымдағы жылдың 21 желтоқсанды қоса алғанда мына мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: Успен ауылы Қазыбек би көшесі, 71, 17 каб., Успен аудандық мәслихаты (электрондық пошта - usp_maslixat@mail.ru), анықтама телефоны 91-360.

                                                             Успен аудандық мәслихаты

Дата публикации
03 декабря 2021