Батыс Қазақстан облысының Орал қалалық мәслихатының
Орал қаласының сайлау комиссияларының құрамынан шыққан мүшелердің орнына өзгерістер енгізу туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
Орал қалалық мәслихаты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес сайлау комиссияларының құрамынан кейбір комиссия мүшелерінің шығып қалуына байланысты, Орал қаласының округтік сайлау комиссияларының құрамына (9 адам) және Орал қаласының учаскелік сайлау комиссияларының құрамына (69 адам) өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар қабылдау басталғанын хабарлайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялардан немесе басқа да қоғамдық бірлестіктерден комиссиялардың құрамына кандидатуралар туралы ұсыныстар хабарландыру шыққан күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.
Саяси партиялар және өзге де қоғамдық бірлестіктер мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жүзеге асырылады. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы ұсыныстарды Орал қалалық мәслихаты мына мекенжай бойынша қабылдайды: Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы 182/1, каб. 306, телефон: 8-7112-510444, электрондық пошта мекенжайы: zko_ugm@mail.ru
Орал қалалық мәслихаты
Орал қалалық
мәслихаты төрағасының шешімі
Орал қаласы №31 2026 жылғы 27 қыркүйек
Орал қалалық мәслихатының
31-кезектен тыс сессиясын
шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 және 19-баптарына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:
Орал қалалық мәслихатының 31-кезектен тыс сессиясы қалалық әкімдіктің үлкен залында 2026 жылғы 1 қазан күні сағат 11.00-де келесі күн тәртібімен шақырылсын:
Орал қалалық
мәслихатының төрағасы Е.Калиев
Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 30-шы сессиясында депутаттар Орал қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұраптауға және көмегу арналған жаңа тарифті бекітті.
Тұрғын ұй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметі бойынша, қазіргі тариф 2022 жылы бекітілген, енді коммуналдық кәсіпорындарының нақты шығындарын жаппайды. Бағаны қайта қараудың негізгі себептері жанармай мен материалдарының бағасының өсуі, инфляция деңгейі, техниканы жаңарту және жаңа технологияларды енгізуі болды.
Азаматтарға түсетін қаржылық ауыртпалықты азайту мақсатында мәслихат шешімімен атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар мен бірінші топтағы мүгедектер үшін тариф бойынша есептелген соманың 50 % мөлшерінде жеңілдік бекітілді.
Орал қалалық мәслихаты депутаттар Н.Исмагулов пен А. Жолдығалидің бастамасымен қала тұрғындарының қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін ең өзекті мәселелердің бірі: бұралқы иттер мәселесіне арналған «Депутат сағатын» өткізді.
Талқылауға қалалық мәслихат депутаттары, Орал қаласы әкімінің орынбасары А.Е. Халелов, кенттер мен Орал қаласының ауылдық округтің әкімдері, Орал қаласының полиция басқармасы, білім беру бөлімі, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, ветеринарлық станция, жануарларды қорғау қоғамының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында жануарларды қорғау қоғамының және жануарларды аулау мердігердің өкілдері сөз сөйледі. Орал қаласының тұрғын үй комуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы жануарларды аулау, зарарсыздандыру және эвтаназиялау бойынша жүргізілген жұмыстар туралы баяндады.
Кездесу қатысушыларымен жағдайы толық бақылау алу үшін жануарладың агрессия жасау жағдайларына жедел әрекет ету, жануарларға жауапкершілікпен қарауға қатысты заңды талаптарды сақтау қажет екені атап өтілді.
«Депутат сағаттан» кейін бұралқы иттердің, халыққа төнетін қауіптер мен шабуылдардың сандарын тиімді түрде азайтуға бағытталған ұсыныстар жасалды. Бұл ұсыныстар нақты шаралар қабылдау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілді.
Орал қалалық
мәслихаты төрағасының шешімі
Орал қаласы №30 2026 жылғы 27 тамыз
Орал қалалық мәслихатының
30-кезектен тыс сессиясын
шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 және 19-баптарына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:
Орал қалалық мәслихатының 30-кезектен тыс сессиясы қалалық әкімдіктің үлкен залында 2026 жылғы 31 тамыз күні сағат 12.00-де келесі күн тәртібімен шақырылсын:
Орал қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы.
Орал қалалық
мәслихатының төрағасы Е.Калиев
19 тамыз күні Орал қалалық мәслихатының кезектен тыс 29-шы сессиясы өтті. Сессияға қала әкімі, кенттер мен Орал қаласының ауылдық округтің әкімдері, қалалық әкімдік бөлімінің басшылары, БАҚ пен қоғам өкілдері қатысы.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе ағымдағы жылға арналған жергілікті бюджетті нақтылау болды.
Сессия барысында халық өкілдері қаланың санитарлық тазалығы мен әлеуметтік бағдарламаларына бөлінген айтарлықтай қаражатты атап өтті. Қала әкімі өз кезегінде бюджетке енгізілген бұл түзетулер азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған мәселелерді шешетін түсіндірді.
Сессияның негізгі нәтижесі депуттардың бюджетке егізілген түзетулерді бекіту болды.
17 тамыз күні Орал қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыста «Орал қаласының, кенттер мен ауылдық округтің 2026 жылға арналған бюджеттерін нақтылау туралы» сұрағы қаралды.
Бірлескен отырыс барысында Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А. Кадыров бюджеттің нақтыланған нұсқасын ұсынды. Депутаттар бюджет кіріс көздеріне, қоғамдық көлік және қаланың санитарлық тазалығына шығындарды қаржыландыруына назар аударды. Орал қалалық әкімдік бөлімінің басшылары мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері күн тәртібі бойынша халық өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Орал қалалық
мәслихаты төрағасының шешімі
Орал қаласы №29 2026 жылғы 12 тамыз
Орал қалалық мәслихатының
29-кезектен тыс сессиясын
шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 және 19-баптарына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:
Орал қалалық мәслихатының 29-кезектен тыс сессиясы қалалық әкімдіктің үлкен залында 2026 жылғы 19 тамыз күні сағат 1100-де келесі күн тәртібімен шақырылсын:
Орал қаласының, кенттер мен ауылдық округтің 2026 жылға арналған бюджеттерін нақтылау туралы.
Басқа да сұрақтар.
Орал қалалық
мәслихатының төрағасы Е.Калиев
Бүгін Орал қалалық мәслихатының кезекті XXVIII сессиясы өтіп, қала мен оған қарасты елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қаржылық тұрақтылығына және алдағы кезеңдегі басым бағыттарына қатысты маңызды мәселелер қаралды.
Сессия барысында Орал қаласының, Желаев ауылдық округінің, Зачаган, Круглоозерный және Деркөл кенттерінің 2025 жылғы бюджеттерінің атқарылуы бойынша қорытындысын тыңдалды.
Сонымен қатар, 2026 жылға арналған қала және оған қарасты кенттер мен ауылдық округ бюджеттерін нақтылау мәселесі қаралып, өңірдің тұрақты дамуына бағытталған қаржылық басымдықтар айқындалды.
Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі - 2026-2030 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны бекіту болды. Бағдарлама қоршаған ортаны қорғау, қалдықтарды тиімді басқару жүйесін жетілдіру және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсаттарын көздейді.
Сондай-ақ жер қатынастары саласына қатысты мәселелер талқыланып, жер комиссиясының жұмысы қаралды. Бұдан бөлек, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы шешімдер қабылданды.
Сессия барысында депутаттар көтерілген мәселелер бойынша өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, жауапты мемлекеттік органдарға бірқатар нақты міндеттер жүктеді.
Қабылданған шешімдер қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға, бюджеттік саясаттың тиімділігін қамтамасыз етуге және Орал қаласының тұрақты дамуына бағытталып отыр.
Орал қалалық мәслихаты төрағасының
шешімі
Орал қаласы №28 2026 жылғы 3 маусым
Орал қалалық мәслихатының
28-кезекті сессиясын
шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 және 19-баптарына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:
Орал қалалық мәслихатының 28-кезекті сессиясы қалалық әкімдіктің үлкен залында 2026 жылғы 16 маусым күні сағат 11.00-де келесі күн тәртібімен шақырылсын:
1. Орал қаласының, кенттер мен ауылдық округтің 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы.
2. 2026 жылға арналған қалалық, кенттердің және ауылдық округтің бюджеттерін нақтылау туралы.
3. Басқа да сұрақтар.
Орал қалалық
мәслихатының төрағасы Е.Калиев