Орал қалалық мәслихатындағы
нормативтік-құқықтық мәселелер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясының
көпшілік тыңдауының
ХАТТАМАСЫ
Өткізілген күні: 6 мамыр 2025 жыл
Өткізілген уақыты: 17:00
Өткізілген орны: Астана шағынауданы, 10-үй, «Достық үйі»
Төрағалық еткен: Султанов Акылбек Узакбаевич
Күн тәртібі: Орал қаласының «Жұлдыз» шағынауданындағы №11 көшеге Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай соғыс және еңбек ардагері Мұхтар Әжіғұловтың есімін беру туралы ұсынысты талқылау.
Тыңдауға қатысқандар: Қалалық мәслихаттың төрағасы, қалалық мәслихат депутаттары, қалалық әкімдіктің өкілдері, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы және тұрғындар.
Төраға Султанов А.У. кіріспе сөзінде көпшілік тыңдаудың мақсаты туралы айтты. Ұсыныстың Қазақстан Республикасының заңнамасына және ономастикалық атауларды беру тәртібіне сай ұйымдастырылып отырғаны айтылды.
Баяндамашы: Медет Рысқалиұлы Мерғалиев — Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.
Баяндамада: Мұхтар Әжіғұловтың өмір жолы мен елге сіңірген еңбектері туралы ақпарат берілді. Көше атауын беру туралы ұсыныстың негіздемесі түсіндірілді.
Пікір білдіргендер:
Барлығы бірауыздан ұсынысты қолдап, Мұхтар Әжіғұловтың елге сіңірген еңбектерін атап өтті.
Қорытынды: Көпшілік тыңдауға қатысушылар ұсынысты бірауыздан қолдады. Барлық пікірлер мен ұсыныстар ескерілді. Орал қаласының әкімдігіне осы хаттама жолданатын болады.
Төраға А.Султанов
Хатшы Ж.Ильясова