Қажетті құжаттардың үлгілік нұсқасыҰсынымдарға 3-қосымша
Ұлытау облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі
округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің
орнына бір мандатты аумақтықжаңа мүшелерді сайлау туралы
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ұлытау облыстық мәслихаты (бұдан әрі – мәслихат) Ұлытау облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына жаңа мүшелерді сайлау туралы хабарлайды.
Саяси партия округтік сайлау комиссияларының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат округтік сайлау комиссияларының мүшелерін өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстары бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 29 қыркүйектен бастап 13 қазанға дейін мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:
1. белгіленген нысан бойынша округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына ұсынылатын кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2. округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) шешімінен, сондай-ақ жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;
3. саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4. кандидаттардың округтік сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініштері.
Округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына ұсынылатын кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары және кандидаттардың округтік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштердің нысандары мәслихаттың интернет-ресурсында орналастырылған.
Округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына ұсынылатын адам округтік сайлау комиссиясы мүшелерінің міндеттерін орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыреттеріне қойылатын бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсындағы «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» кіші жүйесі арқылы сайлау туралы заңнаманы білуге арналған тестілеуден өткендігі туралы сертификаты болуға тиіс.
Округтік сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған Ұлытау облыстық мәслихаты орналасқан Ұлытау облысының аумағында тұруға тиіс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, округтік сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Округтік сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгі қамтылуы тиіс.
Округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына жаңа мүшелерді сайлау бойынша ұсыныстар 2026 жылғы 13 қазанға дейін дүйсенбі–жұма күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін қабылданады. Үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.
Ұлытау облыстық мәслихаты
Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы
Шыңғысов Бауыржан Қабденұлы
Мәслихаттың орналасқан жері: Жезқазған қаласы, Алаш даңғылы, 1, 10 қабат.
Жауапты тұлға – Карахметов Медет Сламулы, қызметтік телефон: (87102) 60-03-21, электрондық пошта: obl_maslihat_ulytau@mail.ru
Ұсынымдарға 5-қосымша
Нысан
_____________________________________________________
(мәслихаттың толық атауы)
төрағасына
_________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
_______________________________________________тұратын
(облыс, Астана қ, Алматы қ, Шымкент қ,
_________________________________________________________
аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)
______________________________________________________
(ұялы телефондардың нөмірлері)
Өтініш
Мен,__________________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
______________________________________________________________________
(саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы)
ұсынылғанҚазақстан Республикасының азаматы,аумақтық сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға өз келісімімді беремін.
Сайлау жүйесінде жұмыс тәжірибем бар ______ жыл:
_____________________________________________________________________________________(комиссияның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі көрсетілсін)
Төмендегілер үшін жауапты аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің функционалдық бағыттарына сәйкес келетінсалаларда кемінде _____ жылдан кем емес жұмыс өтілі бар
□ мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
□ сайлау комиссиясының қызметін құқықтық қамтамасыз ету мәселелері үшін;
□ сайлау комиссиясының қызметін қаржылық сүйемелдеу мәселелері үшін;
□ сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, сайлау ұйымдастырушыларды және сайлау процесіне басқа да қатысушыларды оқыту саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру, үйлестіру және қамтамасыз ету мәселелері үшін;
□ сайлау комиссиясының қызметін ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері үшін;
□сайлау комиссиясының қызметін IT-сүйемелдеу мәселелері үшін;
□ сайлау процесін ұйымдастыру, мүгедектігі бар адамдар үшін жағдайларды қамтамасыз ету мәселелері үшін),
оның ішінде ұйымдардың басшылық лауазымдарында кемінде ____ жыл жұмыс өтілім бар.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» кіші жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелерін қоса тіркеймін.
Өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығым жоқ.
Саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқармаймын
Мен Парламент, мәслихатдепутаты, әкім,өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі немесе Қазақстан Республикасы соттарыныңсудьясыемеспін.
Уәкілетті органдарға заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынып тасталмаған сотталғандығымның, iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi екенімді тану туралы сот шешімінің жоқтығы мәніне сауалдар жіберу үшін менің ЖСН-ді пайдалануға келісімімді беремін.
2025 жылғы «____»____________ _________________________
(өтініш берушінің қолы)
Өмірбаяндық деректер:
Туған күні 19 _____ жылғы«____» _______________
Жеке сәйкестендіру номері (ЖСН)_____________________________________________________
Ұлты* _______________________________
Партиядағы мүшелігі *_______________________________________________________________
Білімі _____________________________________________________________________________
Мамандығы _________________________________________________________________________
Жұмыс орны немесе кәсіп түрі __________________________________________________________
Атқаратын қызметі ____________________________________________________________________
Жеке куәліктің деректері _____________________________________________________________
(куәлік нөмірі, қашан және кім берген)
Мен:
- мемлекеттік ұйымдарда, мекемелерде, үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс өтілін және (немесе) Қазақстан Республикасының сайлау органдарында жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар;
- мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын 18 жастан асқан жақын туыстарым туралы мәліметтерді қоса тіркеймін*.
Ескертпе
*Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабы 1-тармағына сәйкес ұлты мен қай партияға жататыны кандидаттың қалауы бойынша көрсетіледі.
** Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға інілері мен апа-сіңілілері, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Өтінішке қосымша
Жақын туыстары туралы мәліметтер __________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
р/б |
Жақын туысқандарының тегі, аты, әкесінің аты(болған кезде) |
ескертпе |
|
1. |
|
әкесі |
|
2. |
|
анасы |
|
3. |
|
ұлы |
|
4. |
|
қызы |
|
5. |
|
ағасы |
|
6. |
|
әпкесі |
|
7. |
|
атасы |
|
8. |
|
әжесі |
|
9. |
|
немересі |
|
10. |
|
жұбайы (зайыбы) |
Ұсынымдарға5.1-қосымша
Нысан
_____________________________________________________
(мәслихаттың толық атауы)
төрағасына
_________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
_______________________________________________тұратын
(облыс, Астана қ, Алматы қ, Шымкент қ,
_________________________________________________________
аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)
______________________________________________________
(ұялы телефондардың нөмірлері)
Өтініш
Мен,__________________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
______________________________________________________________________
(саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы)
ұсынылғанҚазақстан Республикасының азаматы,аумақтық сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға өз келісімімді беремін.
Сайлау органдарында жұмыс тәжірибем бар _______________________________________
( иә, ___ жыл/ жоқ)
Өтелмеген немесе алып тасталмағансотталғандығым жоқ.
Саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқармаймын
Мен Парламент, мәслихатдепутаты, әкім,өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі немесе Қазақстан Республикасы соттарының судьясы емеспін.
Уәкілетті органдарға заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығымның, iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi екенімді тану туралы сот шешімінің жоқтығы мәніне сауалдар жіберу үшін менің ЖСН-ді пайдалануға келісімімді беремін.
2025 жылғы «____»____________ _________________________
(өтініш берушінің қолы)
Өмірбаяндық деректер:
Туған күні 19 _____ жылғы «____» _______________
Жеке сәйкестендіру номері (ЖСН)_____________________________________________________
Ұлты* _______________________________
Партиядағы мүшелігі *_______________________________________________________________
Білімі _____________________________________________________________________________
Мамандығы _________________________________________________________________________
Жұмыс орны немесе кәсіп түрі __________________________________________________________
Атқаратын қызметі ____________________________________________________________________
Жеке куәліктің деректері _____________________________________________________________
(куәлік нөмірі, қашан және кім берген)
Комиссия құрамын қалыптастыратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын 18 жастан асқан жақын туыстарым туралы мәліметтерді қоса тіркеймін**.
Ескертпе
*Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабы 1-тармағына сәйкес ұлты мен қай партияға жататыны кандидаттың қалауы бойынша көрсетіледі.
** Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға інілері мен апа-сіңілілері, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Өтінішке қосымша
Жақын туыстары туралы мәліметтер __________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
р/б |
Жақын туысқандарыныңтегі, аты, әкесінің аты(болған кезде) |
ескертпе |
|
11. |
|
әкесі |
|
12. |
|
анасы |
|
13. |
|
ұлы |
|
14. |
|
қызы |
|
15. |
|
ағасы |
|
16. |
|
әпкесі |
|
17. |
|
атасы |
|
18. |
|
әжесі |
|
19. |
|
немересі |
|
20. |
|
жұбайы (зайыбы) |
Жезқазған қаласында Ұлытау облысының кәсіпкерлер палатасының бастамасымен бір ауылбір өнім (OVOP) жобасының Бренд комитетінің – jika халықаралық ынтымақтастық Жапон агенттігі құрған жобаның отырысы өтті Отырысқа jika "ОСОП" жобасының бас кеңесшісі және негізгі сарапшысы Акихиса Харагучи JIKA – ның негізгі халықаралық сарапшысы Мияке Рунджи Қырғызстандағы "ОСОП+1" ҚБ төрағасы Наргиза Эркинбаева қатысты Жоба аясында Ұлытау облысының қалалары мен аудандарынан көптеген қатысушылар тұрғындарға және арнайы құрылған конкурстық комиссияға өз өнімдерін ұсынды және өз жобаларын лайықты қорғады Ұлытау облыстық мәслихат депутаттарынан құралған қазылар алқасының құрамына Виктория Александровна Ставицкая мен Гүлмира Иззатуллақызы Қаженова кірді Қазылар алқасының мүшелері көрмеде ұсынылған өнімдерді сапа эстетикалық безендіру және құжаттаманың дұрыс ресімделуі сияқты критерийлер бойынша бағалады Коллаген мен мұздатылған кептірілген сүт жапондық сарапшылардың ерекше қызығушылығын тудырды Бағалау қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталды
Ұлытау облысының аумағында орналасқан облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттарының назарына
«Астана мәслихаты, облыс аумағында орналасқан мәслихаттар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттары депутаттарының астана, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Жарлығына сәйкес, Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру үшін Ұлытау облысының аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысы 2026 жылғы 17 шілдеде сағат 11:00-де Ұлытау облысы Жезқазған қаласында, Алашахана 22 мекенжайында өтеді.
Депутаттарды тіркеу сағат 10:00-де басталады.
Ұлытау облыстық
мәслихатының төрағасы
Б.Қ. Шыңғысов
Жезқазған қаласындағы бұрынғы «Трикотаж фабрикасы» ғимаратын заманауи талаптарға сай қайта жабдықтап, бизнес орталыққа айналдыру жөніндегі «Ұлытау» ӘКК» АҚ-ның жобасымен танысу жұмыстары жүргізілді.
Жоба таныстырылымы барысында нысанды қайта жаңғырту, заманауи инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және кәсіпкерлік субъектілеріне қолайлы жағдай жасау бағыттары қаралды.
Танысу барысында жобаға қатысты бірқатар сұрақтар қойылып, жауапты мамандар тарапынан тиісті түсіндірмелер мен жауаптар берілді.
1.Ұлытау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының 2025 жылғы атқарылған жұмыс туралы есебі, 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
2.Ұлытау облыстық мәслихаттың экономикалық даму, бюджет қаржы өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының 2025 жылғы жұмысының есебі туралы.
3.Ұлытау облыстық мәслихатының халықты әлеуметтік қорғау,денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясының 2025 жылғы жұмысының есебі туралы.
5.Ұлытау облыстық мәслихатының тұрғын үй-коммуналдықшаруашылық, құрылыс, қала құрылысы, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының 2025 жылғы жұмысының есебі туралы.
Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары!
Баршаңызды қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл ұлық мейрам – сабыр мен шүкірліктің, қайырымдылық пен мейірімділіктің жарқын көрінісі. Бір ай бойы ұсталған оразаның қорытындысы ретінде келетін айт күні әр шаңыраққа береке, әр жүрекке қуаныш сыйлайды. Осындай ізгі сәтте халқымыздың бірлігі мен татулығы одан әрі нығая түседі деп сенемін.
Ұлытау өңірі – тарихы терең, рухы асқақ қасиетті мекен. Осындай киелі өлкеде өмір сүріп жатқан әрбір азаматтың еңбегі мен бірлігі өңіріміздің өркендеуіне үлкен үлес қосып келеді. Сіздердің адал еңбектеріңіз бен елге деген жанашырлықтарыңыз – біздің ортақ жетістігіміздің негізі.
Ораза айт әр шаңыраққа құт-береке, молшылық пен амандық әкелсін! Жақсылық пен игі істеріңіз арта берсін! Отбасыларыңызға бақыт, дендеріңізге саулық, ел іргесіне тыныштық тілеймін!
Ізгі ниетпен,
Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы
Б.Шыңғысов
Орталық көпсалалы ауруханасында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысу мақсатында нысанға барып, жұмыс отырысы өткізілді.
Отырыс барысында аурухананың 7–9 қабаттарындағы жөндеу жұмыстарының орындалу барысы, сондай-ақ аталған қабаттарға орнатылатын жиһаздар мен компьютерлік құрылғылардың жай-күйі қаралды.
Жұмыс отырысына Денсаулық сақтау басқармасының басшылығы, аурухана директоры, мердігер ұйымның басшылары және техникалық қадағалау өкілі қатысты.
Кездесу барысында мердігер ұйым тарапынан күрделі жөндеу жұмыстарының қазіргі кезеңі таныстырылып, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, жұмыстарды белгіленген мерзімде және сапалы орындау, қажетті жиһаздар мен компьютерлік құрал-жабдықтарды орналастыру мәселелері талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша алдағы кезеңге арналған жұмыстардың негізгі бағыттары айқындалып, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.
Елордада мемлекетіміздің жетекші қоғамдық-саяси күштері бірігіп, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалиция құрылды. Оның құрамына бес жетекші саяси партияның өкілдері мен миллиондаған азаматтардың мүддесін білдіретін 300-ден астам қоғамдық ұйым кірді.
Коалиция мүшелері өңірлерде түсіндіру жұмысын бастады.
Бүгін біз де облысымыздың коалициясы құрамына кірген Ұлытау облыстық «Ақжол» Демократиялық партиясының төрағасы Исин Әлібек Ерлікұлы, Ұлытау облыстық «Ауыл» партиясының төрағасы Жиенбаев
Абзал Бақытұлы, Ұлытау облыстық «Қазақстан Халық партиясы» төрағасы Бақырбаев Оразалы Базарұлымен бірлесіп
Жезқазған мыс балқыту зауыты ұжымымен кездесу өткізіп, референдум және Конституцияның жаңа жобасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Кездесуге 200-ден астам азаматтар мен азаматшалар қатысты.
Кездесу барысында референдумның маңызы, Конституцияның жаңа жобасындағы негізгі өзгерістер жан-жақты түсіндірілді. Қатысушылар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, ашық әрі мазмұнды пікір алмасу өтті.
Мұндай кездесулер азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, ел болашағына қатысты маңызды шешімдерге саналы түрде қатысуына мүмкіндік береді деп сенемін.
Баршаңызды алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырамын!
2026 жылдың 04 ақпанда Ұлытау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы, мәслихаттың Әдеп жоніндегі уәкілі Д.Қ. Жақыпов облыстық мәслихаттың мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет-қимыл тақырыбында семинар өткізді. Жұмысты және тұрмысты мемлекеттік қызметтің еңбегі, орындаулық тәртіпті және қызметтік әдепті стандартталған сақтауға, киімдегі іскерлік стилін қолдауға, әкімдік құқық бұзушылыққа мемлекеттік қызметшілерге казино ставкалары мен спорт ставкалары ставкалары табысқа жету салығы, ҚР-да ойынға Тәуелсіздік (лудоманиямен) күресті күшейтуге және т. б. сұрақтарға ерекше назар аударылды. Әлеуметтік желілер солғын жағымсызымыз жарияланымдарга байланасты мемлекеттік қызметшілерге әріптестеріне қатысты негізсізі айыптауларға, дорекілік, әділдік және дурыс ЕМС минез-құлақ фактілеріне жол бермеу қажеттігі тұралы түсіндіргішті.
_2026 жылдың ақпанында Ұлытау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы, облыстық мәслихаттың Әдеп жөніндегі Уәкілі Д. К. Жақыпов облыстық мәслихат аппаратында аппараттың мемлекеттік қызметшілерімен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында семинар өткізді. Жұмыста және тұрмыста мемлекеттік қызметшілердің еңбек, орындаушылық тәртібін және қызметтік әдеп стандарттарын сақтауға, киімдегі іскерлік стилін қолдауға, әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, діни мәселелерге, мемлекеттік қызметшілерге казино ставкалары мен спорт ставкаларынан қосымша табыс алуға тыйым салуға, ҚР-да ойынға тәуелділікпен (людоманиямен) күресті күшейтуге ерекше назар аударылды. көптеген басқа мәселелер. Әлеуметтік желілердегі соңғы жағымсыз жарияланымдарға байланысты мемлекеттік қызметшілерге әріптестеріне қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, әдепсіздік және дұрыс емес мінез-құлық фактілеріне жол бермеу қажеттігі туралы түсіндірілді.
Бүгін Қазақстан Республикасының Конституциялық реформаларына арналған маңызды өзгерістер мен жаңалықтар жөнінде пікірімді айтып өткім келеді. Бұл реформалар еліміздің саяси және әлеуметтік өміріне түбегейлі әсер етуге және халықтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында жарияланған бір палаталы Парламент құру бастамасына негізделгендігі баршаңызға мәлім. Осы бастаманың аясында конституциялық реформа жұмыстары басталып, Мемлекет басшысының 2026 жылғы 21 қаңтардағы №1157 жарлығымен Конституциялық комиссияның құрамы бекітілді. Комиссияға шамамен 130 адам кірді. Олардың қатарында Ұлттық құрылтай мүшелері, танымал конституциялық құқық мамандары, бизнес және корпоративтік сектор өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен құқық қорғау саласының өкілдері, сарапшылар, медиа қызметкерлері, ғылыми және мәдени қауым өкілдері, Парламент депутаттары мен мемлекеттік қызметшілер болды.
Қазақстанның барлық азаматтары мен қоғамдық ұйымдары тарапынан ұсыныстар қабылданып, талқылаулар жүргізілді. Қоғамдық пікірлердің нәтижесінде жаңа Ата Заңының жобасы қалыптасты.
Конституцияға өзгеріс енгізу – мемлекет негізіне және қоғамдық келісімге тікелей қатысты мәселе болғандықтан, ашық әрі жария форматта өтіп, ресми сайттарда, әлеуметтік желі парақшаларында комиссия отырысының қызметі туралы ақпарат барлық қалаған азаматқа қолжетімді болды.
Конституциялық реформа – мақсаттары мен мазмұнына тоқтала кетсем, Президенттің айтуынша, конституциялық реформаның басты мақсаты — Қазақстанның саяси жүйесін кешенді жаңғырту. Бұл реформа елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін беру үшін маңызды. 2025 жылы құрылған жұмыс тобының құрамына құқықтанушылар, сарапшылар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіріп, олар азаматтардан түскен ұсыныстарды мұқият саралап, жүйеледі.
Жұмыс барысында Комиссия мүшелері Конституцияның барлық бөлімдеріне және 77 бабына қатысты, яғни жалпы мәтіннің 84%-ын қамтыды. Осылайша, Комиссия мүшелері Қазақстанның жаңа Конституциясын әзірлеу бойынша шешім қабылдаған болатын.
Конституциялық реформалардың басты идеясы – мемлекет пен қоғамның өзекті құндылықтарын айқындау, адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, мемлекеттік биліктің тиімділігін арттыру.
Жаңа Конституцияның тұжырымдамалық өзгерістері, ол Конституцияның жаңа мәтінінде адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жарияланды. Бұл маңызды өзгеріс, себебі адам құқығын қорғау Қазақстанның заң шығару жүйесінде бірінші орынға қойылды.
Конституцияның жаңа мәтінінде әділеттілік, заң мен тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау сияқты қағидаттар алғаш рет жоғары заңдық деңгейде бекітілді.
Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігі өзгермейтін құндылықтар ретінде бекітілді. Бұл өзгерістер еліміздің халықаралық аренадағы дербестігін нығайта түседі.
Атап өтерлік тағы бір маңызды жаңалық – азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау туралы жаңа норма енгізілді. Бұл заңның заман талабына сай болуын және цифрлық дәуірдің талаптарына жауап беруін қамтамасыз етеді.
Жаңа конституция жобасында дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты ажыратылып бекітіледі. Білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты айқындалады.
Неке ер адам мен әйел адамның ерікті және тең құқықты одағы екендігі туралы ереже енгізіледі. Бұл шешім дәстүрлі құндылықтарды ең жоғары құқықтық деңгейде қорғауға және әйелдердің құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.
Парламент және саяси жүйедегі өзгерістерге келер болсақ, Бір палаталы Парламент құру. Жаңа Конституцияда 145 депутаттан тұратын бір палаталы Парламент құру көзделген. Бұл реформа Қазақстандағы саяси институттардың тиімділігін арттырып, азаматтардың Парламентке қатысу мүмкіндігін кеңейтеді. Сонымен қатар, пропорционалды сайлау жүйесі партиялардың кадрлық саясатын жетілдіруге және олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
Жаңа конституциямызда жаңа жалпыұлттық диалог платформасы ретінде Қазақстанның Халық Кеңесі құрылып, ол заң шығару бастамасы құқығына ие жоғарғы консультативтік орган болады. Бұл Кеңес ел халқының мүддесін білдіретін маңызды институтқа айналады.
Конституцияда алғаш рет вице-президент институты енгізілді. Ол Президенттің атынан Қазақстан мен шетелдермен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ететін болады.
Жаңадан енгізілген маңызды баптардың бірі - Адвокаттар мен адвокаттық қызметке арналған арнайы бап, бұл азаматтардың құқықтарын қорғаудың сапасын арттырады деген сенімдеміз.
Сонымен қатар, Конституцияда зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселесі қарастырылып, еліміздегі инновациялық даму мен ғылыми жетістіктердің құқықтық қорғалуы қамтамасыз етілді.
Азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған тағы бір маңызды жаңалық — миранда ережесінің енгізілуі. Бұл өзгеріс азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғау деңгейін арттырады.
Жалпы алғанда, Конституцияның жаңа редакциясының алғашқы жобасында Кіріспеде, 11 бөлім және 95 бап бекітілу ұсынылады. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қоғамдағы өзекті мәселелер мен заманауи сын-қатерлерді ескере отырып, еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған. Жаңа Конституцияның басты ерекшелігі – адам құқықтары мен бостандықтарына басымдық берілуі, елдің тұрақтылығын және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуі.
Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мемлекеттің болашағына, оның халықаралық беделін нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған ауқымды қадам болып табылады. Бұл реформалар еліміздің заң шығару жүйесін жаңартып, саяси және әлеуметтік өмірді жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Соңғы шешімді еліміздің азаматтары жалпыұлттық референдум арқылы қабылдайды.
Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы,
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі
Б.Қ. Шыңғысов