Құрметті Ұлытау облысының аумағындағы
облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарының депутаттары!
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы №148 Заңы 28-бабының 3-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Жарлығымен бекітілген облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі Қағидаларының 6-тармағының негізінде, Сіздерді Ұлытау облысының әкімін тағайындауға келісім беру үшін облысымыздың мәслихаттар депутаттарының 02.12.2022 жылы, сағат 10.00де, Жезқазған қаласында, Алаш алаңы 1 ғимаратының 10-шы қабатында орналасқан мәжіліс залында болатын жиналысына шақырамыз.
Ұлытау облыстық
мәслихатының хатшысы Б. Шынғысов