Ұлытау облыстық мәслихаты хатшысының
ӨКІМІ
Жезқазған қ. № 01-03/9 16 қараша 2022 ж.
І шақырылған облыстық
мәслихаттың кезектен тыс X
сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19 бабы 3 тармағы 1-1) тармақшасына сәйкес:
Ұлытау облыстық мәслихатының кезектен тыс X сессиясы 2022 жылғы 23 қараша күні сағат 11.00-де облыстық әкімдіктің мәжіліс залында (Алаш алаңы,1) келесі күн тәртібімен шақырылсын:
1.Ұлытау облыстық қоғамдық кеңесінің Ережесін бекіту туралы.
2.Ұлытау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 20 шілдедегі №5/26 «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3.Ұлытау облыстық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы.
4.Ұлытау облысында жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын бекіту туралы.
5.Ұлытау облысында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары бекіту туралы.
6.Облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 27 маусымдағы №3/18 Ұлытау облысы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ұлытау облыстық
мәслихаты хатшысының м.а Е.Токимбаев