Ұлытау облысының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы туралы ақпарат

Ұлытау облысының қоғамдық кеңесін қалыптастыру

жөніндегі жұмыс тобының отырысы туралы ақпарат

 

Ағымдағы жылдың 8 тамызы күні, сағат 11:00-де байқаушылардың қатысуымен Ұлытау өңірінің Қоғамдық кеңесін құру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Күн тәртәбінде:

- Қоғамдық кеңес мүшелігіне үміткерлермен әңгімелесу өткізу

және әрбір үміткерге ашық дауыс беру, бағалау парағын толтыру.

          Әңгімелесу онлайн (11 үміткер) және WhatsApp мессенджері арқылы бейнеконференцбайланыс түрінде(8 үміткер)  өткізілді.

 

Әңгімелесу нәтижелері бойынша жұмыс тобының мүшелері үміткерлердің әрқайсысына бағалау парағын толтырды.

Жұмыс тобымен дауыс беру арқылы қорытындысы шығарылып, Ұлытау облысының Қоғамдық кеңесінің құрамы қалыптастырылды.

Құрылған Қоғамдық кеңестің құрамы Ұлытау облысы мәслихатының кезекті сессиясында бекітіледі.

Құрылған Қоғамдық кеңестің құрамына енбеген кандидаттар үшін резервтік тізім жасалады.

 

Дата публикации
10 августа 2022