Ұлытау облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы туралы ақпарат

Ұлытау облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы туралы ақпарат

 

             Осы жылдың 5-ші тамызында жұмыс тобының алдын ала отырысы өтті.

       Күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:

             -Қоғамдық кеңес мүшелігіне үміткерлердің құжаттарын қарау;

             Ағымдағы жылдың 4-ші тамыздың сағат 18:30 жағдайы бойынша, Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурсқа қатысуға 20 үміткер өтініш білдірді, оның ішінде:Нұр-Сұлтан қаласынан – 1 адамЖезқазған қаласынан – 9 адамСәтбаев қаласынан – 3 адамҚаражал қаласынан – 3 адамЖаңаарқа ауданынан – 2 адам.Ұлытау ауданынан – 2 адам.             Конкурсқа қатысушы Жакитова Шолпан Сапарғалиқызы Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес, жергілікті деңгейде Қоғамдық кеңес құрылған жағдайда Қоғамдық кеңестің мүшелігіне үміткер тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте  тұратын азамат болуы мүмкін.Осыған байланысты үміткер Ш.С. Жакитованын өтінімі қабылданбады.        Жұмыс тобы барлық құжаттарды қарап, қалған 19 үміткерді 2022 жылдың 8 тамызында сағат 11.00-ге жоспарланған әңгімелесуге жолдады.

 

Дата публикации
09 августа 2022