Мәслихат төрағасы брусчатка жасау цехы жұмысымен танысты

Мәслихат төрағасы брусчатка жасау цехы жұмысымен танысты
Ойыл ауылының тұрғыны Әсем Табынбаева 1 572 000 теңге қайтарымсыз грант алып, брусчатка жасайтын шағын цехын ашып, отбасылық кәсібін жүргізуде.
Бүгін, аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин цех жұмысымен танысып, жұмыстарына сәттілік тіледі. Өз ретінде кәсіпкер отбасы жоспарларымен бөлісіп, алдағы уақытта бизнестерін кеңейткісі келетіндерін жеткізді.