Меню

Страницы

Статья

Ойыл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 қарашадағы №125 «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ойыл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 қарашадағы №125 «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5718 тіркелген, 2017 жылғы 14 желтоқсанда аудандық «Ойыл» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодекстің 19-1 бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;

көрсетілген шешіммен бекітілген, Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларында:

6 тармақ келесі редакцияда жазылсын:              

«6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі №833 «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.».

  1. «Ойыл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімді Ақтөбе облысының  Әділет департаментінде  мемлекеттік тіркеуді;

2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Ойыл аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       

 

Ойыл аудандық мәслихатының сессия төрағасы: А.К.Мамбетова             

Ойыл аудандық мәслихатының хатшысы: Е.Ж.Жиеналин 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

Ақтөбе облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 18.11.2019

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 6463 болып енгізілді

 

Результаты согласования

ГУ «Аппарат Уилского районного маслихата» - Руководитель отдела Шолпан Габбасовна Карабалина, 14.11.2019 17:03:09, положительный результат проверки ЭЦП

ГУ «Аппарат Уилского районного маслихата» - Секретарь маслихата Еркин Жумагазиевич Жиеналин, 14.11.2019 17:03:57, положительный результат проверки ЭЦП

ГУ «Аппарат Уилского районного маслихата» - Председатель сессии Айсулу Кенесаровна Мамбетова, 14.11.2019 17:04:51, положительный результат проверки ЭЦП

Департамент юстиции Актюбинской области - Руководитель департамента Бекбулат Жуматаевич Колумбаев, 14.11.2019 17:45:49, положительный результат проверки ЭЦП

Дата публикации
05 мая 2023
Дата обновления
05 мая 2023
Тип

Сейчас читают

01 октября 2024
Ойыл аудандық мәслихатымен қабылданатын құқықтық актілер туралы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
20 декабря 2023
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс тоғызыншы сессиясын шақыру туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы