Меню

Страницы

Статья

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

"Ойыл аудандық мәслихатының аппраты" мемлекеттік мекемесі

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

E-4 санаты бойынша: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрагасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелінген бұйрығына сәйкес.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

Санат Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
  min max
E-4 195549 224624

 

"Ойыл аудандық мәслихатының аппраты" мемлекеттік мекемесі, Актюбинская область, Уилский район, село Уил, улица Курмангазина №43, пошта мекенжайы: 030900, Актюбинская область, Уилский район, село Уил, улица Курмангазина №43, анықтама телефоны: 871332-21370, факс: 871332-21370, e-mail: m.zhantekova@uilmaslihat.gov.kz «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

 

  1. "Ойыл аудандық мәслихатының аппраты" мемлекеттік мекемесінің аппаратының бас маманы, E-4 (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Осы санаттағы лауазымның функционалды бағыттарына сай сұрақтары бойынша жүктелген міндеттерін шұғыл орындай білу.

Мәслихаттың материалдарын және сессия құжаттарын дайындау. Депутаттарға өздерінің өкілеттігін  жүзеге асыруға көмек көрсету.

Аппарат қызметкерлерінің жеке іс қағаздарын жүргізу, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерге бағалауды өткізу кестесін қалыптастыру, бағалауға жататын қызметшіні және бағалауды іске асыратын тұлғаларды бағалау туралы уақытылы хабардар ету, бағалау нәтижелерін қарау бойынша комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз ету және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.

«Е-қызмет» жүйесінде кадр мәселелері бойынша дайындалатын барлық құжаттардың жүйеге енгізуіне жауапты.

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияның жұмысын бағыттау. Бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын орындау. Word, Excel бағдарламаларымен компьютерде жұмыс жасай білуі міндетті.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейнгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: тоқыма емес тоқыма материалдар өндірісі, қалалық құрылыс, су көлігінің экономикасы және оны ұйымдастыру

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі.

Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

5) құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 7 жұмыс күні, ол конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы:

C-R-5, E-4, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4, E-5 санаттары үшін:

Мемлекеттік тілді білуге арналған тест (20 сұрақ) ұзақтығы 20 минут, ҚР Конституциясы (15 сұрақ), ҚР мемлекеттік қызметі туралы (15 сұрақ), Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы (15 сұрақ), ҚР жергілікті мем. басқару және өзін-өзі басқару туралы  (15 сұрақ), Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы (15 сұрақ), ҚР әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс (15 сұрақ), ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (10 сұрақ).

Бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (100 сұрақ) кем дегенде 50 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 95 минутті құрайды.

Дата публикации
22 апреля 2023
Дата обновления
22 апреля 2023
Тип

Сейчас читают

01 октября 2024
Ойыл аудандық мәслихатымен қабылданатын құқықтық актілер туралы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
20 декабря 2023
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс тоғызыншы сессиясын шақыру туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы