Меню

Страницы

Статья

Ойыл аудандық мәслихаты аппаратының, аудандық бөлімдер мен ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру (01.02.2018 ж.)

Ойыл аудандық мәслихаты аппаратының, аудандық бөлімдер мен ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру (01.02.2018 ж.)

Ойыл аудандық мәслихаты аппаратының, аудандық бөлімдер мен ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру (01.02.2018 ж.)

 

“Ойыл аудандық мәслихатының аппараты” ММ, 030900, Ойыл ауылы Құрманғазин к. 43, анықтама үшін телефоны: 8(71332) 21098, факс: 8(71332) 21370, e-mail: masliһat.uil@mail.ru «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

 «Ойыл аудандық мәслихатының аппараты» ММ бөлім басшысы, E-3 (01-00-02) санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 102465 теңгеден 138214 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жалпы басқару жұмысын үйлестіру, басшылық жасау және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы бойынша жауаптылықта болады. Аудандық мәслихат аппаратының жұмысын жоспарлау, аудандық мәслихат сессиялары мен тұрақты комиссиялар отырыстарының құжаттарын әзірлеп, өткізуді ұйымдастырады. Сайлау мен референдум мәселелері жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды құқықтық жағынан қамтамасыз етеді. Мәслихат аппаратының кадр, оның ішінде мамандық және біліктілік бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау, кадр құрамын қалыптастыру, конкурстық іріктеуді ұйымдастыру, кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізілуін бақылайды. Мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді, кәсіби бейімделу мен тәлімгерлік, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, тағылымдамалардан өтуін, конкурстық, аттестаттау, тәртіптік және кадр мәселелері жөніндегі өзге де қызметтерді үйлестіреді. Мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді, олардың аттестаттау рәсімдерінің сақталуын, ынталандыруын бақылайды. Заңдар мен нұсқауларды, ережелерді жетік білуі, адамдармен жұмыс істеуі, оларды қабылдау жөніндегі жұмыс тәжірибесінің болуы, сондай-ақ бөлім қызметкерлеріне басшылық жасау қабілеттері болуы шарт.  Мәслихат хатшысы мен аппарат басшысының басқа да қызметтік тапсырмаларын орындайды. Компьютерде internet, excel, word бағдарламаларымен жұмыс істей білу керек.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:

Жоғары экономикалық, құқықтық, гуманитарлық, педагогикалық білім.

Қажетті құзіреттер бойынша талаптар:

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

1) Мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы

лауазымдарда немесе В-5, С-5, С-О-6, С-R-4, D-5, D-О-5, Е-4, Е-R-4, Е-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А»корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес оның ішінде , оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, С-О-6, С-R-4, D-5, D-О-5, Е-4,

Е-R-4, Е-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А»корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3)  В-5, С-5, С-О-6, С-R-4, D-5, D-О-5, Е-4, Е-R-4, Е-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А»корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4)  мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші сержанттар құрамынан төмен емес Қарулы күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «E-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «E-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесіарқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы оларды хабардар еткен

күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Ойыл аудандық мәслихатының аппараты» ММ, 030900, Ойыл ауылы Құрманғазин к. 43  өтеді.

Бұл ретте, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия хатшысымен конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы хабарланады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды.

Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей «Ойыл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар «Ойыл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген

ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады. 

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы 40 (анықтама телефоны: 54-56-57) мекен-жайы бойынша, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен  кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

                                                                            

                                                                          

                                                                          

                                                                          

 

                                                                                                                   

 

«Б» корпусының мемлекеттік

конкурс өткізу қағидаларының

әкімшілік лауазымына орналасуға

2-қосымшасы

Нысан

_________________________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

        Мені________________________________________________________

__________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

       «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

         Ұсынылып отырған құжаттардың дәйектілігіне жауап беремін.

         Қоса берілген құжаттар:  ______________________________________

___________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

___________________________________________________________________

_________________________________________________________

 

             Мекен жайы және байланыс телефоны__________________________

__________________________________________________________________

 

________________                  _________________________________________

          (қолы)                                 (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«____»  _______________ 20___ж.

Дата публикации
20 апреля 2023
Дата обновления
20 апреля 2023
Тип

Сейчас читают

01 октября 2024
Ойыл аудандық мәслихатымен қабылданатын құқықтық актілер туралы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
20 декабря 2023
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс тоғызыншы сессиясын шақыру туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы