ЖОБА
ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ШЕШІМІ
Ойыл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің
күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ойыл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
- «Ойыл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ойыл аудандық
мәслихатының сессия төрағасы: И. Берғалиев
Ойыл аудандық
мәслихатының хатшысы: Е.Жиеналин
Қосымша
|
|
Ойыл аудандық мәслихатының
2020 жылғы « » наурыздағы №
шешіміне қосымша
|
Ойыл аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған
шешімдерінің тізбесі
- Ойыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 7 маусымдағы №24 «Ойыл ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4989 тіркелген, 2016 жылғы 15 шілдеде «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі;
- Ойыл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 13 маусымдағы №107 ««Ойыл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5602 тіркелген, 2017 жылғы 25 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;
- Ойыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы №182 ««Ойыл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3-11-126 тіркелген, 2018 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.