Меню

Страницы

Статья

ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ САЙЛАУ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ

ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ САЙЛАУ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ

Ойыл аудандық мәслихаты Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10 бабының 3 тармағына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелігінен шығып қалған бос орындарға сайлау үдерісінің басталуы туралы хабарлайды. Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды да ұсынуға құқылы. Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясының мүшелігіне өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстары бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатын сайлау комиссиясынан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2021 жылдың 30 шілдеден бастап 14 тамызына дейін, ұсыныстары белгіленген жағдайда, мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатура туралы белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматтағы мәлімет;

2) аумақтық сайлау комиссиясының құрамына кандидатты ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімдерінен үзінді;

3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.

Сайлау  комиссиясының  құрамына ұсынылған тұлға, Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс. Сайлау комиссиясының мүшелігіне кандидат аталған комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруы тиiс. Сайлау туралы Конституциялық заңының 23 бабының 2 тармағында көзделген, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары,  ата-анасы  бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңілілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды. Мәслихатқа ұсынылатын қағаз нысандағы барлық құжаттар қол қойылуы, мөрмен  расталуы  және  орындалған  күні,  орындаушының  тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс. Сайлау  комиссияларының  құрамы  бойынша  ұсыныстарды  қабылдау 2021 жылдың 14 тамызына дейін дүйсенбі - жұма күндері 08:00-17:30 сағат  аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 12.00-дан 13:30-ге дейін.

Ойыл аудандық мәслихаты,  Мәслихаттың мекен-жайы: Ойыл ауданы, Құрманғазин көшесі 43 үй.

Жауапты тұлға - Досов Мыңжасар Кемалханұлы, қалааралық телефон коды (871332), қызмет телефондары 2-13-70, 2-10-98, факс: 2-13-70, ұялы телефоны 8-702-278-46-99 электрондық пошта: maslixat.uil@mail.ru

САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫ БОЙЫНША БОС ОРЫНДАР:

Учаскелік сайлау комиссиялары

 

№399

1



Дата публикации
01 апреля 2023
Дата обновления
01 апреля 2023
Тип

Сейчас читают

01 октября 2024
Ойыл аудандық мәслихатымен қабылданатын құқықтық актілер туралы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
20 декабря 2023
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс тоғызыншы сессиясын шақыру туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы