ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ САЙЛАУ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ
Ойыл аудандық мәслихаты Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10 бабының 3 тармағына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелігінен шығып қалған бос орындарға сайлау үдерісінің басталуы туралы хабарлайды. Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды да ұсынуға құқылы. Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясының мүшелігіне өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстары бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатын сайлау комиссиясынан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2020 жылдың 2 желтоқсанынан бастап 17 желтоқсанына дейін, ұсыныстары белгіленген жағдайда, мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатура туралы белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматтағы мәлімет;
2) аумақтық сайлау комиссиясының құрамына кандидатты ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімдерінен үзінді;
3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға, Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс. Сайлау комиссиясының мүшелігіне кандидат аталған комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруы тиiс. Сайлау туралы Конституциялық заңының 23 бабының 2 тармағында көзделген, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңілілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды. Мәслихатқа ұсынылатын қағаз нысандағы барлық құжаттар қол қойылуы, мөрмен расталуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс. Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2020 жылдың 17 желтоқсанына дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 12.30-дан 14:00-ге дейін.
Ойыл аудандық мәслихаты, Мәслихаттың мекен-жайы: Ойыл ауданы, Құрманғазин көшесі 43 үй.
Жауапты тұлға - Досов Мыңжасар Кемалханұлы, қалааралық телефон коды (871332), қызмет телефондары 2-13-70, 2-10-98, факс: 2-13-70, ұялы телефоны 8-702-278-46-99 электрондық пошта: maslixat.uil@mail.ru
САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫ БОЙЫНША БОС ОРЫНДАР:
|
Учаскелік сайлау комиссиялары |
|
|
№ 392 сайлау учаскесі |
1 |
|
№ 394 сайлау учаскесі |
1 |
|
№ 395 сайлау учаскесі |
1 |
|
№ 396 сайлау учаскесі |
1 |
2020 жылдың 20 қарашасы күні Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясына «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Ғ.Займолдин «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалы ұсынған Ойыл аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін тапсырды.
2020 жылғы 24 қараша күні Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өткізілді. Отырысқа комиссия мүшелері түгел қатысты. Сонымен қатар комиссия отырысына «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Ғ.Займолдин, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралының өкілдері қатысты. Отырыстың күн тәртібіне «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалы ұсынған Ойыл аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекіту туралы мәселе қаралды. Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалы ұсынған Ойыл аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі келесі құрамда тіркелді:
|
рр/с № |
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) |
Туған жылы |
Атқаратын лауазымы (кәсібі) жұмыс және тұрғылықты жері |
|
1 |
Ақбисенова Алтынзер Забихоллақызы |
1987 |
Саға мектеп балабақшасының мұғалімі, Ойыл ауданы Ақжар ауылы |
|
2 |
Ақеділов Өркен Қанатұлы |
1991 |
«Мұрагер» шаруа қожалығының төрағасы, Ойыл ауданы Ойыл ауылы |
|
3 |
Алипова Нұргүл Саденқызы |
1980 |
«Алипова» жеке кәсіпкер, Ойыл ауданы Ойыл ауылы |
|
4 |
Асылбеков Айбек Базылұлы |
1970 |
Ойыл аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, Ойыл ауданы Ойыл ауылы |
|
5 |
Бақтығалиева Айнұр Қайсарқызы |
1981 |
«Life4Job»ЖШС директорының орынбасары, Ойыл ауданы Ойыл ауылы |
|
6 |
Берғалиев Исатай Шаймерденұлы |
1977 |
«Жастық» шаруа қожалығының төрағасы, Ойыл ауданы Ойыл ауылы |
|
7 |
Берекенов Берік Жексенбайұлы |
1980 |
«Берекенов» жеке кәсіпкер, Ойыл ауданы Ойыл ауылы |
|
8 |
Бисекенова Гүлнара Берікқызы |
1985 |
«Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығының көркемдік жетекшісі, Ойыл ауданы Ойыл ауылы |
|
9 |
Дәулетқалиев Нұрсұлтан Құнанбайұлы |
1994 |
Ойыл қазақ орта мектебі мұғалімі, Ойыл ауданы Ойыл ауылы |
|
10 |
Есқалиева Бақыт Мүбаракқызы |
1967 |
Қаракемер негізгі мектебінің директоры, Ойыл ауданы Қаракемер ауылы |
|
11 |
Жайлыбаев Мінсізбай Сайынұлы |
1961 |
Ақшатау орта мектебінің мұғалімі, Ойыл ауданы Ақшатау ауылы |
|
12 |
Жақып Жұмабай Жарылғасынұлы |
1968 |
«Жақып» шаруа қожалығының төрағасы, Ойыл ауданы Сарбие ауылы |
|
13 |
Жиеналин Еркін Жұмағазыұлы |
1973 |
Ойыл аудандық мәслихатының хатшысы, Ойыл ауданы Ойыл ауылы |
|
14 |
Займолдин Сәкен Ғазизұлы |
1974 |
«Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Ойыл ауданы Ойыл ауылы |
|
15 |
Қарасаев Бекжан Карімұлы |
1975 |
Ақшатау орта мектебінің директоры, Ойыл ауданы Ақшатау ауылы |
|
16 |
Кұлмұханов Медет Ерниязұлы |
1990 |
Ш.Берсиев атындағы өнер және өлке тарихы музейінің қор сақтаушысы, Ойыл ауданы Ойыл ауылы |
|
17 |
Майқанов Абзал Сансызбайұлы |
1991 |
Қараой мектеп балабақшасының директоры, Ойыл ауданы Қараой ауылы |
|
18 |
Нұрбаев Сандібек Мұхамбетжанұлы |
1973 |
Ойыл аудандық ауруханасының бас дәрігері, Ойыл ауданы Ойыл ауылы |
|
19 |
Нұржанов Сансызбай Құмарұлы |
1990 |
Ойыл аудандық мәдениет үйінің директоры, Ойыл ауданы Ойыл ауылы |
|
20 |
Омарова Мейрамгүл Бақтығалиқызы |
1974 |
«Айгөлек» бөбек-бақшасының меңгерушісі, Ойыл ауданы Көптоғай ауылы |
|
21 |
Оразғалиев Кайрат Әбдікерұлы |
1968 |
«Теңдік» шаруа қожалығының төрағасы, Ойыл ауданы Қараой ауылы |
|
22 |
Табынбаева Айдана Төремұратқызы |
1990 |
Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназияның мұғалімі, Ойыл ауданы Ойыл ауылы |