Меню

Страницы

Статья

Учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына комиссия мүшелерін тағайындау туралы

ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ

КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

«22» қазан 2020 жыл № 6 Ойыл ауылы

 

Учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына

комиссия мүшелерін тағайындау туралы

 

Қазақстан Республикасының 28.09.1995 ж. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» № 2464  Конституциялық Заңының 10 бабының 3 тармағын және 19 бабының 6, 8 тармақтарын басшылыққа алып Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:                                                                                                      

  1. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының 2021 жылғы 10 қаңтарға белгілеген сайлауы қарсаңында Ойыл ауданының әкімшілік-аумақтық бірлігінің шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуіне байланысты Қозыбақова Ботагөз Тарғынқызы № 394 учаскелік сайлау комиссиясының, Сулейменова Жандай № 397 учаскелік сайлау комиссиясының, Ұлықпанов Қанат Ұлықпанұлы № 400 учаскелік сайлау комиссиясының, партиялық тізім бойынша Ойыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат болып  ұсынылуына байланысты Омарова Мейрамгул Бактыгаликызы № 401 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелігінен босатылып, олардың орындарына № 394 учаскелік сайлау комиссиясына Үмбетов Тилектес Алпысбевич, № 397 учаскелік сайлау комиссиясына  Жауынбаева Ира Шыганаковна, № 400 учаскелік сайлау комиссиясына Наубетов Мұрат Саматұлы, № 401 учаскелік сайлау комиссиясына Мусина Лаззат  Киялбаевна комиссия мүшелері болып тағайындалсын.

  2.    Жоғарыда көрсетілген шығып қалған сайлау комиссиялары мүшелерінің орнына сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасының 28.09.1995 ж. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10 бабының 3 тармағына сәйкес Ойыл аудандық мәслихаттына ұсыныс жасалсын.

 

Комиссия төрағасы: Б.Бисекенов

Комиссия хатшысы: Б.Бақтыгереев

Дата публикации
01 апреля 2023
Дата обновления
01 апреля 2023
Тип

Сейчас читают

01 октября 2024
Ойыл аудандық мәслихатымен қабылданатын құқықтық актілер туралы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
20 декабря 2023
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс тоғызыншы сессиясын шақыру туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы