Ақтөбе облыстық Әділет департаментінде
2020 жылғы 10 сәуірде № 7046 болып тіркелді
ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ШЕШІМІ
9 сәуір 2020 жыл № 401 Ойыл селосы
Ойыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы №277 «Ойыл ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ойыл ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
2 тармақтың 1) тармақшасы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
2 тармақ келесі мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) төтенше жағдай – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын қорғау мүдделерінде ғана қолданылатын және азаматтардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына жекелеген шектеулер белгілеуге жол беретін және оларға қосымша міндеттер жүктейтін, мемлекеттік органдар, ұйымдар қызметінің ерекше құқықтық режимі болып табылатын уақытша шара.».
келесі мазмұндағы 9-1 тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде біржолғы әлеуметтік көмек 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі:
1) уәкілетті ұйымның берген тізіміне сәйкес, табыс көзі ескерілмей бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға;
2) табыстарын есепке алмай, онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, адамның иммуножетіспеушілік вирусын жұқтырған және туберкулездің әртүрлі нысандарымен ауыратын науқастарға емделу кезеңінде, «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ойыл аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен ұсынылған тізімдерге сәйкес;
3) уәкілетті органның әлеуметтік қызметкерлері қызмет көрсететін жалғыз тұратын қарт азаматтарға;
4) отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 (бір) еселенген мөлшерінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасыларға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларды қоспағанда, ауылдық округ әкімдері ұсынған тізімдердің негізінде.
Әлеуметтік көмек төтенше жағдай кезеңінде бір рет және бір адамға тек бір санат бойынша беріледі.
Әлеуметтік көмек құжаттарды ұсынбаусыз көрсетіледі және төтенше жағдай тоқтатылған жағдайда төлем тоқтатылады.».
|
Ойыл аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
|
И. Бергалиев |
|
Ойыл аудандық мәслихатының хатшысы |
|
Е. Жиеналин |