Аудандық мәслихаттың кезекті отызыншы сессиясын шақыру туралы

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ  ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

 

 

28 қаңтар 2026 жыл                             № 30                                     Ойыл селосы  

 

Аудандық мәслихаттың 

кезекті отызыншы

сессиясын шақыру туралы

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес  ШЕШІМ ЕТЕМІН:

         Сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті отызыншы сессиясы 2026 жылдың 11 ақпан күні сағат 14.30-ға аудан әкімдігінің мәжіліс залына шақырылсын.

Сессияның күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:

  1. Аудандық мәслихаттың 2025 жылы атқарған жұмысы жөніндегі аудандық мәслихат төрағасының есебі

          Хабарламашы: С.Ғ.Займолдин - аудандық мәслихат төрағасы

  1. Ауданда ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласына қатысты мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы және оның нәтижелері туралы

         Хабарламашы: А.А.Алдияр – аудандық кәсіпкерлік және ауыл                         шаруашылығы бөлімінің басшысы

  1. Аудан аумағында су тасқынына қарсы қажетті жұмыстарды жүргізу үшін тартылатын күштер мен құралдардың дайындығы туралы

          Хабарламашы: Ж.А.Қобыланов - аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы

  1. 4. Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы және алдағы жылға жоспары туралы

         Хабарламашы: С.Т.Дәулетқалиев – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

  1. Басқада мәселелер

        

           

        

           Аудандық мәслихат                                             

                  төрағасы:                                                      С.Ғ.Займолдин

 

Дата публикации
28 января 2026