Аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясын шақыру туралы

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ  ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

 

 

31 қазан 2025 жыл                              № 26                                     Ойыл селосы  

 

 

Аудандық мәслихаттың 

кезектен тыс жиырма алтыншы

сессиясын шақыру туралы

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағына және Ойыл ауданы әкімінің 2025 жылғы 31қазандағы №02-14/1110 ұсынысына сәйкес  ШЕШІМ ЕТЕМІН:

         Сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясы 2025 жылдың 6 қараша күні сағат 11.00-ге аудан әкімдігінің мәжіліс залында шақырылсын.

Сессияның күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:

  1. Ойыл ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

         Хабарламашы: А.А.Алдияр  - Ойыл аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы

  1. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №200 «2025-2027 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

         Хабарламашы: Б.Әділханов  - Ойыл аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы   

  1. Басқа да мәселелер

 

                 

 

       Аудандық мәслихаттың                                             

                  төрағасы:                                                       С.Ғ.Займолдин

Дата публикации
03 ноября 2025