Аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма төртінші сессиясын шақыру туралы

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ  ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

 

 

2 шілде 2025 жыл                       № 24                                     Ойыл селосы  

 

Аудандық мәслихаттың 

кезектен тыс жиырма төртінші

сессиясын шақыру туралы

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағына сәйкес  ШЕШІМ ЕТЕМІН:

         Сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма төртінші сессиясы 2025 жылдың 11 шілде күні сағат 14.30-ға аудан әкімдігінің мәжіліс залында шақырылсын.

         Сессияның күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:

  1. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №200 «2025-2027 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
  2. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №215 «2025-2027 жылдарға арналған Ойыл ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

         Хабарламашы: Б.Әділханов - аудандық экономика және                                                          қаржы бөлімінің басшысы

  1. Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының есебі туралы

         Баяндамашы: Ойыл аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

 

        

       Аудандық мәслихаттың                                             

                  төрағасы:                                                      С.Ғ.Займолдин

 

Дата публикации
02 июля 2025