Аудандық мәслихаттың кезекті жиырма бірінші сессиясын шақыру туралы

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ  ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

 

 

10 ақпан 2025 жыл                       № 21                                     Ойыл селосы  

 

 

Аудандық мәслихаттың 

кезекті жиырма бірінші

сессиясын шақыру туралы

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағына сәйкес  ШЕШІМ ЕТЕМІН:

         Сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті жиырма бірінші сессиясы 2025 жылдың 20 ақпаны күні сағат 15.00-ге аудан әкімдігінің мәжіліс залында шақырылсын.

Сессияның күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:

  1. Аудандық мәслихаттың 2024 жылы атқарған жұмысы жөніндегі аудандық мәслихат төрағасының есебі

              Хабарламашы: С.Ғ.Займолдин - аудандық мәслихат төрағасы

  1. Ауданда ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласына қатысты мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы және оның нәтижелері туралы

           Хабарламашы: А.Қ.Мүбараков – аудандық кәсіпкерлік және ауыл                                      шаруашылығы бөлімінің басшысы

  1. Аудан аумағында су тасқынына қарсы қажетті жұмыстарды жүргізу үшін тартылатын күштер мен құралдардың дайындығы туралы

          Хабарламашы: Ж.А.Қобыланов - аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы

  1. Басқа да мәселелер

        

 

 

       Аудандық мәслихаттың                                             

                  төрағасы:                                                      С.Ғ.Займолдин

 

 

 

Дата публикации
10 февраля 2025