Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының 2025 жылғы жұмыс жоспары

                                                                               Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы

                                                                             23 желтоқсандағы №211 шешіміне                                                                                                                                                                             қосымша

     

ІІ. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының
2025 жылғы жұмыс жоспары

 

  1. Әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, халықты әлеуметтік қорғау және аграрлық сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия


І-тоқсан
         1. Аудан аумағында су тасқынына қарсы қажетті жұмыстарды жүргізу үшін тартылатын күштер мен құралдардың дайындығы туралы

           Хабарламашы: Ойыл ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы

  1. Ауданда ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласына қатысты мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы және оның нәтижелері туралы      

            Хабарламашы: аудандық кәсіпкерлік және ауыл                                      шаруашылығы бөлімінің басшысы

  1. Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» Ойыл аудандық бөлімшесінің атқарылған жұмыстары және алдағы жылға жоспары туралы      

         Хабарламашы: «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» Ойыл аудандық бөлімшесінің басшысы

ІІ-тоқсан
         1. Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы және Ақтөбе облыстық мәслихатының қағидаларының округте орындалуы туралы

                                     Баяндамашылар:

Ойыл ауылдық округінің әкімі

   Көптоғай ауылдық округінің әкімі

                 Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінің әкімі

Сарбие ауылдық округінің әкімі

    Саралжын ауылдық округінің әкімі

Қараой ауылдық округінің әкімі

Қайыңды ауылдық округінің әкімі

(Көшпелі отырыс)

  1. Салық базасын нығайту және аудандық бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту бойынша атқарылған жұмыстары және алдағы міндеттері туралы

      Хабарламашы:  Ойыл аудандық кірістер басқармасының басшысы

  1. Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының есебі туралы

         Баяндамашы: Ойыл аудандық С,Қ,ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы

ІІІ-тоқсан

  1. Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Ақтөбе өндірістік филиалының Ойыл аудандық бөлімшесінің атқарылған жұмыстары туралы және алдағы жылға жоспары туралы

         Баяндамашы: «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Ақтөбе өндірістік филиалының Ойыл аудандық бөлімшесі басшысы

  1. Жер заңнамасының сақталуын, жерді қорғау және пайдалану талаптарын қамтамасыз ету жөніндегі қызметі туралы

           Баяндамашы: Ойыл аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы

  1. Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы

           Баяндамашы: «Көкжар» КМК-ның директоры

ІV-тоқсан
         1. 2026-2028 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы

         2026-2028 жылдарға арналған Ойыл ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы

               Баяндамашы: аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы

  1. Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңын ауданда жүзеге асыру жөніндегі есебі туралы

Баяндамашы:  аудандық жер қатынастары бөлімі, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі

        



  1. Білім, мәдениет, денсаулық сақтау, құқық тәртібі және жастар саясаты мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмыс жоспары

 

                                                       І-тоқсан
         1. Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы және алдағы жылға жоспары туралы

         Баяндамашы: Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағғдарламалар бөлімінің басшысы 

  1. Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы және алдағы жылға жоспары туралы

         Баяндамашы: Ойыл аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры

                                                       ІІ-тоқсан
         1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының орындалу барысы туралы аудандық білім бөлімінің есебі

         Баяндамашы: Аудандық білім бөлімінің басшысы

  1. Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысының өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы және алдағы жылға жоспары туралы

         Баяндамашы: Аудандық санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысы

ІІІ- тоқсан

  1. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңының орындалу барысы туралы

         Баяндамашы: Аудандық  жастар ресурстық орталығының басшысы

  1. Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы

              Хабарламашы: «Казпочта» АҚ  Ойыл аудандық почта байланыс торабының басшысы

  1. Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы

              Хабарламашы: «Казахтелеком» АҚ  Ойыл аудандық байланыс торабының басшысы

ІV- тоқсан

  1. Аудандық мәдениет үйінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы

         Баяндамашы: Аудандық мәдениет үйінің директоры

  1. Аудандық аурухана бас дәрігерінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы және алдағы жылға жоспары туралы

         Баяндамашы: аудандық аурухана бас дәрігері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
06 февраля 2025