Хаттама №1
«21» қаңтар 2025 жыл Ойыл ауылы
Аудандық мәслихат төрағасы: С.Ғ.Займолдин - Құрметті жұмыс тобының құрамына енуге ұсыныс берген үміткерлер. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық Кеңестер туралы» Заңының 8 бабына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Ойыл ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру үшін жұмыс тобына төмендегідей ретте кандидаттар ұсынылды:
|
№ |
Аты-жөні |
Лауазымы |
|
1 |
Займолдин Сәкен Ғазизұлы |
Аудандық мәслихат төрағасы |
|
2 |
Берғалиев Исатай Шаймерденұлы |
«Жастық» шаруа қожалығының төрағасы |
|
3 |
Жиеналин Еркін Жұмағазыұлы |
«AMANAT» партиясы Ойыл аудандық филиалының атқарушы хатшысы |
|
4 |
Шалабаев Тыныштыбай |
Аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы |
|
5 |
Айдарбаев Мұратбай Болатұлы |
Аудандық «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы |
|
6 |
Ержанов Жасұлан Мінсізбайұлы |
Ойыл аудандық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының директоры |
|
7 |
Ізгарина Жангүл Бақытжанқызы |
Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығының директоры |
|
8 |
Нұрбаев Сәндібек Мұхамбетжанұлы |
Ойыл аудандық аурухананың бас дәрігері |
|
9 |
Ғаббасова Меруерт Сахиқызы |
Кәсіби медиатор |
|
10 |
Ұлықпанов Сәуірбай |
Зейнеткер |
|
11 |
Мамбетова Айсұлу Кеңесарықызы |
«Замандас» аналар кеңесінің төрайымы |
Бүгінгі отырысқа ұсыныс білдірген кандидаттардың сегізі қатысып отыр. Сонымен қатар ашықтықты және объетивтілікті қамтамасыз ету үшін жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде аудандық «AMANAT» партиясы Ойыл аудандық филиалының консультанты Қазмұханов Молдашқали Жұмағалиұлы және Қазақстан Халық партиясының мүшесі Сармұханов Серік Кәдірғалиұлы қатысып отыр. Ендігі кезекте тиісті заңдылықтарға сәйкес, жұмысшы тобының жұмыс тобының мүшелері мен басшысын сайлауымыз қажет.
Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бірінен аспауы қажет.
Осы өкілдіктің дербес құрамын мемлекеттік органның басшысы, яғни мәслихат төрағасы өз бетінше айқындайды делінген. Мемлекеттік органнан өкілдік етуге 2 адамды айқындап отырмын. Олар: өзім және аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Ж.Б.Ізғарина. Сонымен қатар, «AMANAT» партиясы Ойыл аудандық филиалынан бір адам, аудандық мүгедектер қоғамынан бір адам және өзін-өзі ұсынумен жеті адам ұсынылып отыр.
Әрі қарай топ мүшелерін сайлауды дауысқа салуды ұсынамын.
Бірінші, өзін-өзі ұсынған кандидат С.М.Нұрбаевты дауысқа қоямын. «Қарсы» - 0, «Қалыс» - 1, «Жақтап» -7. С.М.Нұрбаев бір ауыздан жұмыс тобының мүшесі болып сайланды.
Екінші, «AMANAT» партиясы Ойыл аудандық филиалынан ұсынылған Е.Ж.Жиеналинді дауысқа қоямын. «Қарсы» - 0, «Қалыс» - 1, «Жақтап» - 7. Е.Ж.Жиеналин бір ауыздан жұмыс тобының мүшесі болып сайланды.
Үшінші, Аудандық мүгедектер қоғамынан ұсынылған Т.Шалабаевты дауысқа қоямын. «Қарсы» - 0, «Қалыс» - 1, «Жақтап» - 7. Аудандық мүгедектер қоғамынан ұсынылған кандидат Т.Шалабаев бір ауыздан жұмыс тобының мүшесі болып сайланды.
Төртінші, өзін-өзі ұсынған кандидат М.Б.Айдарбаевты дауысқа қоямын. «Қарсы» - 0, «Қалыс» - 0, «Жақтап» - 8. М.Б.Айдарбаев бір ауыздан жұмыс тобының мүшесі болып сайланды.
Бесінші, өзін-өзі ұсынған кандидат И.Ш.Берғалиевті дауысқа қоямын. «Қарсы» - 0, «Қалыс» - 1, «Жақтап» - 7. И.Ш.Берғалиев бір ауыздан жұмыс тобының мүшесі болып сайланды.
Алтыншы, өзін-өзі ұсынған кандидат Ж.М.Ержановты дауысқа қоямын. «Қарсы» - 0, «Қалыс» - 1, «Жақтап» - 7. Ж.М.Ержанов бір ауыздан жұмыс тобының мүшесі болып сайланды.
Жетінші, мемлекеттік органнан ұсынған кандидат Ж.Б.Ізғаринаны дауысқа қоямын. «Қарсы» - 0, «Қалыс» - 1, «Жақтап» - 7. Ж.Б.Ізғарина бір ауыздан жұмыс тобының мүшесі болып сайланды.
Сегізінші, өзін-өзі ұсынған кандидат М.С.Ғаббасованы дауысқа қоямын. «Қарсы» - 0, «Қалыс» - 1, «Жақтап» - 7. М.С.Ғаббасова бір ауыздан жұмыс тобының мүшесі болып сайланды.
Тоғызыншы, өзін-өзі ұсынған кандидат С.Ұлықпановты дауысқа қоямын. «Қарсы» - 0, «Қалыс» - 1, «Жақтап» - 7. С.Ұлықпанов бір ауыздан жұмыс тобының мүшесі болып сайланды.
Оныншы, өзін-өзі ұсынған кандидат А.К.Мамбетованы дауысқа қоямын. «Қарсы» - 0, «Қалыс» - 1, «Жақтап» - 7. А.К.Мамбетова бір ауыздан жұмыс тобының мүшесі болып сайланды.
Осы құрамнан көрсетілген Үлгілік ережеге сәйкес, жұмысшы тобының басшысын сайлауымыз қажет. Кімде қандай ұсыныс болады?
Е.Ж.Жиеналин - жұмысшы тобының мүшесі, жұмысшы тобының басшысына «Жастық» шаруа қожалығының төрағасы И.Ш. Берғалиевті ұсынамын.
Қалған жұмысшы топ мүшелері бір ауыздан қолдады.
Жұмыс тобының басшысы: И.Ш.Берғалиев - Ойыл ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру үшін жұмыс тобына ұсынылған кандидаттар сайланып болды. Тиісті заңдылықтарға сәйкес, құрылатын қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын анықтауымыз қажет.
Кімде қандай ұсыныс бар?
C.Ғ.Займолдин - Аудандық мәслихат төрағасы: Аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерінің құрамдық саны 15 болсын.
А.К.Мамбетова - «Замандас» аналар кеңесінің төрайымы: C.Ғ.Займолдиннің ұсынысына мен де қосыламын.
- И.Ш.Берғалиев: Тағы кімде қандай ұсыныс бар? Басқа ұсыныс болмаса аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерінің құрамдық саны 15 болып бекітілсін деп дауысқа қоямын. «Қарсы» - 0, «Қалыс» - 0, «Жақтап» - 8.
Жұмыс тобының басшысы: И.Ш.Берғалиев
Жұмыс тобының хатшысы: А.Ж.Мусин