Ойыл ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелігіне конкурс өткізу туралы хабарлама

Ойыл ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелігіне конкурс өткізу туралы хабарлама

         Ойыл ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Ойыл ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына конкурстық іріктеуден өтуге ниет білдіруші коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтардың арасында конкурстық іріктеу өткізілетіндігі туралы хабарлайды. Мемлекеттік органның атауы: «Ойыл аудандық мәслихатының аппараты» MM:

         Пошталық мекен-жайы: 030900, Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Құрманғазин көшесі, 43, I-қабат

         Электронды пошта: maslihat.uil@mail.ru

         Анықтамалар үшін телефондар: 2-13-70 және 2-11-78

         Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2025 жылғы «22» қаңтардан «5» ақпан аралығында

         Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:

  1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Ойыл

ауданының шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

         Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:

         1) сотталғандығы болмауы;

         2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және

(немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

         3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

  1. Конкурсқа қатысу үшін:

         1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

         2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады. «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9- бабының 4-тармағына сәйкес, коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады, Коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан ұсыныстар жазбаша түрде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Ойыл ауылы, Құрманғазин көшесі, 43, I-қабат, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс 12.30-дан 14.00-ге дейін, белгіленген мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде мерзімде жазбаша және электронды түрде.

         Конкурстық іріктеу өткізу үшін кандидатураларды ұсыну барысында, Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат, оның «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуге өзінің келісімін береді.

         Өтініштердің нысандарымен аудандық мәслихаттың сайтында келесідей электронды сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uil?lang=kk

 

 

 

 

Дата публикации
16 января 2025