Ойыл аудандының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсты өткізу туралы хабарландыру
Ойыл аудандық мәслихаты, Ойыл ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша Жұмыс тобының мүшелігіне конкурстық іріктеуден өтуге ниет білдіруші коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтардың арасында конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мынадай құжаттарды тапсырады:
1)жұмыс тобының құрамына кандидатураны ұсыну туралы азаматтың өтініші;
2) коммерциялық емес ұйымның жұмыс тобының мүшелігіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы;
3) канд идаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі. Ашықтылық пен объективтілікті қамтамасыз ету үшін Жұмыс тобының отырысына дауыс беру құқығы жоқ, коммерциялық емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат
кұралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын байқаушылар қатыса алады.
Жұмыс тобының отырысына қатысуға құқығы бар байқаушылардың тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу жүргізу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам
бекітілген нысан бойынша өтініш береді.
Коммерциялық емес ұйымдардан, азаматтардан және байқаушылардан құжаттар 2025 жылдың 13 мен 20 қаңтары аралығында мына мекен-жай бойынша жазбаша түрде қабылданады:
Ойыл ауылы, Құрманғазин көшесі 43, аудандық мәслихаттың қабылдау бөлмесі, сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін, үзіліс 12.30-дан 14.00-ге дейін, анықтама үшін телефондар: 2-13-70 және 2-11-78 , электронды пошта: maslihat.uil@mail.ru Өтініштердің нысандарымен аудандық мәслихаттың сайтында келесідей электронды сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uil?lang=kk