Аудандық мәслихаттың кезектен тыс он сегізінші сессиясының күн тәртібі туралы

ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ

ШЕШІМІ

 

«7» қараша 2024 жыл                        № 180                                Ойыл ауылы

 

Аудандық мәслихаттың кезектен

тыс он сегізінші сессиясының

күн тәртібі  туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 Аудандық мәслихаттың кезектен тыс он сегізінші сессиясының күн тәртібіне төмендегідей мәселелер енгізілсін:
  1. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №92 «2024-2026 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
  2. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №93 «2024 жылға арналған Ойыл ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

            Хабарламашы: Б.Әділханов - аудандық экономика және                                                          қаржы бөлімінің басшысы

  1. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №107 «Ойыл ауданындағы учаскелік сайлау комиссияларын  сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

           Хабарламашы: А.Ж.Мусин – аудандық мәслихат аппаратының бөлім басшысы

  1. Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 06 мамырдағы №136 «Аудандық жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

            Хабарламашы: М.О.Төремұратов – аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы

  1. Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» №172 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
  2. Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» №174 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
  3. Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» №176 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
  4. Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» №171 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
  5. Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Аудан әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» №167 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

            Хабарламашы: Е.М.Тлепов - аудан әкімі аппаратының басшысы

  1. Аудандық мәслихат депутаты С.Саматұлының депутаттық сауалы туралы

Хабарламашы: С.Саматұлы - аудандық мәслихат депутаты

  1. Аудандық мәслихаттың кезектен тыс он сегізінші сессиясына 12 қарашаға дейін үзіліс жариялау туралы

            Хабарламашы: С.Ғ.Займолдин - аудандық мәслихат төрағасы

12 қараша

  1. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №104 «2024-2026 жылдарға арналған Ойыл ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Хабарламашы: Б.Әділханов - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы

        

 

                       Аудандық мәслихат           

                               төрағасы:                                                   С.Ғ.Займолдин

Шешім №180
Дата публикации
21 ноября 2024