ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ
ШЕШІМІ
«3» қыркүйек 2024 жыл №166 Ойыл ауылы
Аудандық мәслихаттың кезекті
он жетінші сессиясының
күн тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың кезекі он жетінші сессиясының күн тәртібіне төмендегідей мәселелер енгізілсін:
- Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы аудан әкімі А.Қ.Қазыбаевтың есебі туралы
Баяндамашы: А.Қ.Қазыбаев - аудан әкімі
- Ойыл ауданы бойынша және ауылдық елді мекендердің электр қуатымен қамтамасыз етудің жайы оны жақсарту шаралары туралы
Баяндамашы: С.С.Қартбаев - «Энергосистема» ЖШС-нің Ойыл аудандық бөлімшесінің басшысы
- Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы аудандық полиция бөлімі бастығының есебі туралы
Хабарламашы: А.Қангелдин - аудандық полиция бөлімінің бастығы
- 4. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №92 «2024-2026 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хабарламашы: Б.Әділханов - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы
- 5. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 13 шілдедегі №63 «Ойыл ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» шешімінің орындалуы туралы
Баяндамашы: Н.О.Тұрғамбеков – аудан әкімінің орынбасары
- Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» №172 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» №174 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» №176 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» №171 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Аудан әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» №175 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Хабарламашы: Е.М.Тлепов - аудан әкімі аппаратының басшысы
- 11. Аудандық мәслихаттың кезекті он сегізінші сессиясының күн тәртібі туралы
- Аудандық мәслихаттың кезекті он жетінші сессиясына 6 қыркүйекке дейін үзіліс жариялау туралы
Хабарламашы: С.Ғ.Займолдин - аудандық мәслихат төрағасы
6 қыркүйек
- Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №104 «2024-2026 жылдарға арналған Ойыл ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хабарламашы: Б.Әділханов - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы
Аудандық мәслихат
төрағасы: С.Ғ.Займолдин