Аудандық мәслихаттың кезекті он жетінші сессиясының күн тәртібі туралы

ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ

ШЕШІМІ

 

«3» қыркүйек 2024 жыл                        №166                                   Ойыл ауылы

 

Аудандық мәслихаттың кезекті

он жетінші сессиясының

күн тәртібі  туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 Аудандық мәслихаттың кезекі он жетінші сессиясының күн тәртібіне төмендегідей мәселелер енгізілсін:
  1. Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы аудан әкімі А.Қ.Қазыбаевтың есебі туралы

           Баяндамашы: А.Қ.Қазыбаев - аудан әкімі

  1. Ойыл ауданы бойынша және ауылдық елді мекендердің электр қуатымен қамтамасыз етудің жайы оны жақсарту шаралары туралы

          Баяндамашы: С.С.Қартбаев - «Энергосистема» ЖШС-нің Ойыл аудандық бөлімшесінің басшысы

  1. Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы аудандық полиция бөлімі бастығының есебі туралы

         Хабарламашы: А.Қангелдин - аудандық полиция бөлімінің бастығы

  1. 4. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №92 «2024-2026 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

         Хабарламашы: Б.Әділханов - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы

  1. 5. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 13 шілдедегі №63 «Ойыл ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» шешімінің орындалуы туралы

    Баяндамашы: Н.О.Тұрғамбеков – аудан әкімінің орынбасары

  1. Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» №172 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
  2. Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» №174 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
  3. Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» №176 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
  4. Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» №171 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
  5. Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Аудан әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» №175 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

         Хабарламашы: Е.М.Тлепов - аудан әкімі аппаратының басшысы

  1. 11. Аудандық мәслихаттың кезекті он сегізінші сессиясының күн тәртібі туралы
  2. Аудандық мәслихаттың кезекті он жетінші сессиясына 6 қыркүйекке дейін үзіліс жариялау туралы

         Хабарламашы: С.Ғ.Займолдин - аудандық мәслихат төрағасы

 

6 қыркүйек

  1. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №104 «2024-2026 жылдарға арналған Ойыл ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Хабарламашы: Б.Әділханов - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы

 

        

             Аудандық мәслихат           

                    төрағасы:                                                   С.Ғ.Займолдин

Шешім №166
Дата публикации
24 сентября 2024